Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Қадырқұл ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 3940 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 20.12.2016 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 176 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі Қадырқұл ауылы аумағына ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 08.09.2015 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      3. Базартөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Р. Исатаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Базартөбе ауылдық округінің әкімі А. Салимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады