Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Қадырқұл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 4638 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2016 жылғы 16 қарашадағы № 597 ұсынысы негізінде Базартөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Қадырқұл ауылының аумағындағы ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
      2. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №5 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Қадырқұл ауылы аумағына шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3940 тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешімінің және Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 10 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 5 "Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Қадырқұл ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4078 тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
      3. Базартөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Исатаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Базартөбе ауылдық
округінің әкімі
А.Ермуханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады