Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық селолық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 3836 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің міндетін аткарушысының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің міндетін аткарушысының 06.02.2017 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы міндетін атқарушысының 2015 жылдың 18 ақпандағы № 102 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Ақжайық селолық округі Ақжайық ауылының аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ақжайық селолық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. М. Мадиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақжайық селолық
      округі әкімі М. Г. Дуйсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады