Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-26/2 "Бұланды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 6С-5/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте № 5528 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-8/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 6С-8/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-26/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4179 болып тіркелген, аудандық "Бұланды таңы" және "Вести Буланды жаршысы" газеттерінде 2014 жылғы 23 мамырда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұланды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларындағы бүкіл мәтінінде:
      мемлекеттік тілде "селолық" деген сөз;
      орыс тілінде "аульных" және "аульного" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс 5 – сессияның
төрағасы
Б.Қажақанов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бұланды ауданының әкімі Қ.Испергенов

      11 тамыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады