Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 29/3-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 маусымда № 5409 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 23.10.2017 № 146/20-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қазанда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті Целиноград аудандық бөлімшесі;";
      21-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А.Веревкин
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев

      17.05.2016

      "Целиноград ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Р.Ғабдуллина

      17.05.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады