Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйекте № 5072 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 07.11.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторы міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 11-3/371 ұсынысы негізінде Тәңірберген ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсақ мүйізді малдарының арасында пастереллез ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің Саржансай ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Тәңірберген ауылдық округ әкімі Д. Тлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады