Қайынды ауылдық округінің Бабатай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 08 маусымдағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 шілдеде № 4996 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 24.02.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 14-01/54 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылында қой және ешкі малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қайыңды ауылдық округінің әкімі: Ә.Н.Мұстафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады