Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 16 ақпанда № 3725 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
      2. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 498 "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 3592 тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 (18126) "Жетісу", 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 (17075) "Огни Алатау" газеттерінде, 2015 жылғы 18 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. І. Бескемпіровке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Облыс әкімдігінің 2016 жылғы "27" қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 09.02.2023 № 47 (алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

Жануарлардың энзоотиялық ауруларының атауы

1

Жылқының сақауы

2

Жылқының сальмонеллезді іш тастауы

3

Мүйізді ірі қараның пироплазмидозы (бабезиоз, тейлериоз)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады