Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 мамырдағы "Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" № 02 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 06 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 21 қыркүйекте № 3963 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Сарыбастау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округінің 2016 жылғы 20 мамырдағы "Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" № 02 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 10 маусымында № 3882 тіркелген, "Кербұлақ жұлдызы" газетінде 2016 жылдың 17 маусымында №25 (3826) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
      2. Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Самбетов Шынтас Бейбитовичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Кербұлақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сарыбастау ауылдық
      округінің әкімі К. Султанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады