"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 100 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 312 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қарашада № 3218 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 100 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2198 болып тіркелген, 2014 жылдың 15 мамырында "Ақ жол" газетінде, 2014 жылдың 12 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады