Жаңақоғам ауылдық округіне карасты Кемер бекетіне карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңақоғам ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 33 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қаңтарда № 3277 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармағына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2016 жылғы 26 қазандағы № 370 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Жаңақоғам ауылдық округіне қарасты Кемер бекетіне карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақоғам ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сатыбалды Тилемисович Асылбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Н. Сұлтанбаев

      Жаңақоғам ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 33 "Жаңақоғам ауылдық округіне қарасты Кемер бекетіне карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісу парағы.
       "КЕЛІСІЛДІ"
       "Жамбыл облысы Ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық
      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы Ш. Жапабааев
      7 желтоқсан 2016 жыл
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы С. Таңсықов
      7 желтоқсан 2016 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      "Шу ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы М. Болотин
      7 желтоқсан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады