"Орталық Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 45/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қарашада № 4027 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 31 қазандағы № 07-1-1-33/278 ұсынысы негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Абай ауданы Құрма ауылындағы "Орталық Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 38/01 "Орталық Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3994 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қазанда № 42 (4144) "Абай Ақиқат" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 42/01 "Орталық Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы" қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады