Үштөбе ауылдық округіндегі "Возрождение ХХI век" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 39/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 қарашада № 4030 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 06-3-02-33/532 ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Құс (қаздар) арасынан сальмонеллезді жою бойынша кешенді ветеринарияық – санитарлы іс-шараларды жүргізумен байланысты, Үштөбе ауылдық округіндегі "Возрождение ХХI век" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 34/01 "Үштөбе ауылдық округіндегі "Возрождение ХХI век" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3987 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қазандағы № 41 (1179) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Р. Нурмуханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады