Нұра аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі 38 сессиясының № 400 "Нұра ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы 42 сессиясының № 442 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 ақпанда № 3658 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 251 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 13.06.2018 № 251 (оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі 38 сессиясының № 400 "Нұра ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3437 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қазандағы № 42 (5429) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылы 20 қазанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
маслихаттың хатшысы
Б. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады