Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 7-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 ақпанда N 5363 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы №168-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 03.12.2019 № 168-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы М. Оразбаев
      "Келісілді"
      Арал аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ____________ К. Данабай
      "18" 01 2016 жыл

  Арал ауданы әкімдігінің
2016 жылғы " 18 " қаңтардағы
№ 7-қ қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелер бөлімшесінің, қызметінің, бөлімінің басшысы;
      2) дәріхана меңгерушісі;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, барлық мамандықтағы инженер, акушер, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, статистик, медициналық зертханашы, менеджері, провизор, психолог, рентген зертханашысы, әлеуметтік қызметкер, фармацевт, фельдшер.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: қарттар мен мүгедектерге күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
      4) жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы.
      3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (басшысы, меңгерушісі);
      2) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың (басшының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтар мұғалімдері, педагог-психолог, оқу-тәрбие оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, еңбек жөніндегі нұсқаушы, тәрбиеші, аға шебер, өндірістік оқыту шебері, музыкалық жетекші, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері.
      4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа);
      2) көркемдік жетекші, труппа меңгерушісі, музыкалық бөлігінің меңгерушісі, көркемдік қойылым бөлігінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, қойма меңгерушісі;
      3) мамандар (бас, аға): кітапханашы, редактор, режиссер, режиссердің көмекшісі, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, әдіскер, суретші, хореограф, қор сақтаушы, мұрағатшы, экскурсия жүргізуші.
      5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы, филиал директоры (меңгерушiсi);
      2) мамандар (бас, аға): денешынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы, нұсқаушы-спортшы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы.
      6. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мамандар: ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық техник, ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады