Жалағаш ауданының кейбір елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 150 қаулысы және Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 тамызда № 5572 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының Жер кодексі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу ауылының шекарасы (шегі) Ақсу ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 115 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 268 гектар болып, Аққұм ауылының шекарасы (шегі) Аққұм ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 330,5 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 454,5 гектар болып, Мәдениет ауылының шекарасы (шегі) Мәдениет ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 412 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 557 гектар болып өзгертілсін.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш Жалағаш аудандық
      ауданының әкімі мәслихатының 4-сессиясының
       төрағасы
      Т. Дүйсебаев К. Сулейменов
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы
      М.Еспанов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2016 жылғы “29” маусымдағы
№ 150 қаулысына және Жалағаш
аудандық мәслихатының
2016 жылғы “29” маусымдағы
№ 4-8 шешіміне қосымша

Жалағаш ауданы Ақсу, Аққұм, Мәдениет ауылдарының шекараларына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы


Жерлердің атауы
Жалпы көлемі (гектар)
оның ішінде (гектар)
ауыл шаруашылығы алқаптары
үй іргелік жерлер
басқа да жерлер
жайылымдар
1
2
3
4
5
6
1
Ақсу ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
153
-
40
113
2
Ақсу ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
115
92,12
-
22,88
3
Ақсу ауылының шекарасы (шегі)
268
92,12
40
135,88
4
Аққұм ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
124
-
90
34
5
Аққұм ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
330,5
264,73
-
65,77
6
Аққұм ауылының шекарасы (шегі)
454,5
264,73
90
99,77
7
Мәдениет ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
145
-
92
53
8
Мәдениет ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
412
330,02
-
81,98
9
Мәдениет ауылының шекарасы (шегі)
557
330,02
92
134,98

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады