Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2/13 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 маусымда № 3052 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 16/178 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 15.05.2018 № 16/178 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 10-11-489 ақпараттық хатының негізінде, Манғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Маңғыстау ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Б.Есенгелдиев) жүктелсін.

      3. Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Ордабаева
      Аудандық Мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Имашев Досмырза Клышович

      28 сәуір 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Маңғыстау облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Маңғыстау ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Акимбаев Адилхан Абишевич

      28 сәуір 2016 жыл

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 28 сәуірдегі №2/13
  шешіміне қосымша

Қызметін Маңғыстау ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Салық салу обьектісінің атауы
 

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады