Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 шілдеде № 6527 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 12.06.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 13.02.2017 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Таран аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік инспекторының 2016 жылғы 8 маусымдағы № 01-20/152 ұсынысының негізінде Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округінің Апановка ауылында орналасқан "Проданец С.В." шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Таран ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Таран аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Таран аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары жүргізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 9 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Павлов ауылдық
округінің әкімі
М. Жортынбаев

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      комитетінің Таран аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ А. Досмұхамбетов

      2016 жылғы 21 маусым

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

      министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау департаментінің Таран аудандық

      тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ С. Аққошқарова

      2016 жылғы 21 маусым

      "Таран ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ А. Леонович

      2016 жылғы 21 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады