Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 маусымда № 7117 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Таран аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 13 ақпандағы № 01-20/36 ұсынысының негізінде Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округінің Апановка ауылында орналасқан "Проданец С.В." шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6527 болып тіркелген, "Маяк" газетінде 2016 жылғы 7 шілдеде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 13 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Павлов ауылдық
округінің әкімі
М. Жортынбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министірлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Таран аудандық

      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ А. Досмухамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігінің Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитеті Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

      Таран аудандық қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________________ С. Аккушкарова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ А. Леонович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады