Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 наурызда № 5018 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 1-03/1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 05.02.2018 № 1-03/1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде Қызыләскер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында ұсақ қара мал бруцеллезінің анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді

      Ауылдық округ әкімі А. Күмпекеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігі ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      Комитетінің Лебяжі
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Ғ. Сағалов
      2016 жылғы "10" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады