Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының аумағында "КЗЫЛ-ТУ АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара мал табына бруцеллез шектеу шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 70 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 қарашада № 3915 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Занының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық- санитарлық инспекторының "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылының аумағында "КЗЫЛ-ТУ АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара мал табына бруцеллез шектеу шараларын тоқтату туралы" 2016 жылғы 13 қазандағы № 16-11/305 ұсынымы негізінде, Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылының аумағында "КЗЫЛ-ТУ АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара мал табына бруцеллез шектеу шаралары тоқтатылсын.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының аумағында "КЗЫЛ-ТУ АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара мал табына бруцеллез шектеу шараларын белгілеу туралы" Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 52 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 шілдедегі № 3838 тіркелген, 2016 жылғы 23 шілдедегі "Кызылту" және 2016 жылғы 23 шілдедегі "Кішкенекөл таңы" газеттерінде жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімі С. Сәниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады