Атырау облысы Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округінің Мартыши елді мекенінің, Бейбарыс ауылдық округінің Аққайын елді мекенінің, Алмалы, Алға және Жалғансай ауылдық округтерінің аумақтарында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 қазандағыі № 312 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 қазанда № 3658 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 365 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 365 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына және Махамбет аудандық Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 228 санды ұсынысына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүйізді ірі қара мал арасында "нодулярлы дерматит" (экзотикалық ауру) ауруының анықталуына байланысты, Атырау облысы Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округінің Мартыши елді мекенінің, Бейбарыс ауылдық округінің Аққайын елді мекенінің, Алмалы, Алға және Жалғансай ауылдық округтерінің аумақтарында карантин белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі (келісім бойынша) және Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М. Аманов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Махамбет
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
11 қазан 2016 жыл.
Л. Мамаева
      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Атырау облысының
Ішкі істер департаменті" мемлекеттік
мекемесінің Махамбет аудандық
ішкі істер бөлімінің жергілікті
полиция қызметінің бастығы
11 қазан 2016 жыл.
Н. Досқайров
      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Махамбет аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынының бас дәрігері
11 қазан 2016 жыл.
Е. Сабиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады