Ынтымак ауылдық округі Өркенді ауылының Ә.Әмірханов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ынтымақ ауылдық округi әкiмiнiң 2016 жылғы 31 тамыздағы № 92 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 19 қыркүйекте № 3846 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ынтымақ ауылдық округi әкiмiнiң 2017 жылғы 9 наурыздағы № 15 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ынтымақ ауылдық округi әкiмiнiң 09.03.2017 № 15 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 02-03/350 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ынтымақ ауылдық округі Өркенді ауылының Ә.Әмірханов көшесінің тұрғыны Г.Мейірхановтың итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Ә.Әмірханов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-ветеринары А.Ашимовке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ынтымақ ауылдық округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы: Д.Абдираимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады