Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 370 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 4823 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 тармағының 2-1) тармақшасына, "Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидаларын және өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 500 қаулысына сәйкес, мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау бойынша облыстық комиссия отырысының 2016 жылғы 26 қазандағы № 1 хаттамасы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторлар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы "8" желтоқсандағы
№ 370 қаулысына қосымша

Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторлардың тізбесі

      1. "Штиф" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      2. "Авантаж Ойл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. "Жангиз-Төбе Мұнай өнімдері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      4. "Зыряновскнефтепродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      5. "Бухтарма Ойл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      6. "Sinooil" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шығыс Қазақстандық филиалы.
      7. Жеке кәсіпкер "Ахметов Владислав Зейнетуллаевич".
      8. "LNP GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады