Шілікті ауылдық округіндегі Кәкенталды ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 4821 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 07.11.2017 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылы 21 қараша № 485 ұсынысы негізінде Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Шілікті ауылдық округіндегі Кәкенталды ауылында ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторына (С.Қожекенов) осы шешімнен туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Шілікті ауылдық округінің ветеринариялық пунктіне меңгерушісі А.Тусупбаевқа сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шілікті ауылдық округінің әкімі Қ. Сағиев 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зайсан ауданының бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитариалық инспекторы С. Қожекенов

      2016 жылғы 12 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады