Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округінің Чапаев, Жайық ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 93 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 4484 болып тіркелді. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 125 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің 02.09.2016 № 125 шешiмiмен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 15 шілдедегі №354 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округінің Чапаев, Жайық ауылдары аумағында мүйізді ірі қара мал арасында жұқпалы ринотрахеит ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (У.Кажгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Чапаев ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
К.Кайров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады