Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 20 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 4527 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық инспекторының 2016 жылғы 21 шілдедегі №369 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы қыстағы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Г.М.Канибетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Тайпақ ауылдық округі әкімі Б.Қдырғужин

  Ақжайық ауданы Тайпақ
ауылдық округі әкімінің
2016 жылғы 1 тамыздағы №20
шешіміне қосымша

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 2015 жылғы 7 шілдедегі №7 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3951 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі "Жайық таңы" газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің шешімі;
      2. 2015 жылғы 8 қыркүйектегі №15 "Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 7 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы, Шәуеш, Қырмызы қыстақтары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4045 тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйектегі "Жайық таңы" газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің шешімі;
      3. 2016 жылғы 14 сәуірдегі №9 "Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 7 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы, Шәуеш, Қырмызы қыстақтары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4354 тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырдағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады