Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы "Заңтөбе" бөлігінде шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 4613 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2016 жылғы 10 қарашадағы № 587 ұсынысы негізінде, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы "Заңтөбе" бөлігінде ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі "Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы "Заңтөбе" бөлігінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4324 тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Андешова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Сарытоғай ауылдық округінің әкімі А.Әлжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады