Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 15-4 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 4410 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 44-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 03.03.2020 № 44-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3415 тіркелген, 2014 жылғы 1 наурыздағы "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      2 - тармақта:
      8) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "11) "Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      14) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты - "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      15) отбасына көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган үміткермен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
      16) өтініш беруші (үміткер) – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.";
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма жергілікті бюджет қаражаты есебінен (025 "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру" бюджеттік бағдарламасының 011 "Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен" кіші бағдарламасы бойынша) қаржыландырылады;
      Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға арналған шығындардан басқа, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдаланылуға тиіс.
      Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне өтініш береді.".
      2. Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С. Успанова) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Ешимов
      Мәслихат хатшысы З. Сисенғали

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_________________ М. Тоқжанов
22 сәуір 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады