Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 38-4 "Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 тамыздағы № 5-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 тамызда № 4511 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 11-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 09.03.2017 № 11-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он кун өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 38-4 "Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 болып тіркелген, 2016 жылы 28 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маманда сақталады.".
      2. Тасқала аудандық мәслихатының аппараты басшысының міндетін атқарушы (Б. Бисалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ә. Сәрсенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады