Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 52 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қыркүйекте № 4547 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 28.03.2017 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 64 ұсынысы негізінде және ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру мақсатында, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында ұсақ мүйізді мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.М.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Ғ.Ғ.Жұмағазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады