Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 20 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 4752 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 363 ұсынысы негізінде Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында ұсақ мүйізді мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 52 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4547 тіркелген, 2016 жылы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.М.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шыңғырлау ауылдық
округінің әкімі
Ғ.Ғ.Жұмағазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады