Шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейдерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 449 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 тамызда № 15490 болып тіркелді

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-38) тармақшасына және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _______________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 17 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 10 шілдедегі
№ 449 бұйрығымен
бекітілген

Шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесі


р/р

Бассейн атауы

Жүзу ауданының разряды

Күрделілік санаты

Гидрометео жағдай сипаттамасы

Пана орындарынан немесе жағалаудан қашықтық, теңіз милі

Шағын көлемді кеме типі, түрі

1

Каспий теңізі

Жүзу ауданының I разряды

IV күрделілік санаты

Теңіз ауданындағы немесе ішкі су бассейндегі қамтамасыздығы үш пайыздық биіктігі 3,0 метрге дейінгі толқындарда

20 астам емес

палубалы кеме

2,7 астам емес

палубасыз кеме

2

Арал теңізі;
Балқаш, Жайсаң, Алакөл, Сасықкөл көлдері;
Бұқтырма, Қапшағай су қоймалары;
Оңтүстік бағыттағы Жайық-Каспий каналының 53 км-ге дейінгі бөлігі, Гурьев теңіздік рейді, Зюйдвестовая шалыга аралдың аумағы.

Жүзу ауданының II разряды

IV күрделілік санаты

Теңіз ауданындағы немесе ішкі су бассейндегі қамтамасыздығы бір пайыздық биіктігі 2,0 метрге дейінгі толқындарда

12 астам емес

палубалы кеме

2,7 астам емес

палубасыз кеме

3

Өскемен, Шүлбі, Қаратомар, Шардара және Самарқанд су қоймалары;
Жайық-Каспий бөлігінің Атырау қаласынан Жайық-Каспий каналының 53 км дейінгі бөлігі.

Жүзу ауданының III разряды

IV күрделілік санаты

Теңіз ауданындағы немесе ішкі су бассейндегі қамтамасыздығы бір пайыздық биіктігі 1,2 метрге дейінгі толқындарда

6 астам емес

палубалы кеме

1,6 астам емес

палубасыз кеме

4

Клин кентінен Өскемен қаласына дейінгі Ертіс өзені, Қара Ертіс, Орал, Іле, Сырдария, Есіл.
Жоғарыда көрсетілмеген көлдер, су қоймалары, канал және өзендер.

Жүзу ауданының IV разряды

IV күрделілік санаты

Теңіз ауданындағы немесе ішкі су бассейндегі қамтамасыздығы бір пайыздық биіктігі 0,6 метрге дейінгі толқындарда

2,7 астам емес

палубалы кеме

1,6 астам емес

палубасыз кеме


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады