"Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 376 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 362 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қарашада № 15974 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына " (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;

      "5. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне мынадай субъектілер жатады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      2) жануарлар мен құстарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      3) жануарларды союды жүзеге асыратын субъектілер;

      4) етті, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер;

      5) сүтті қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер;

      6) балық және балық өнімдерін дайындау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер;

      7) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары;

      8) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      9) жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      10) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;

      11) жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;

      12) бал және балара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер.

      6. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға мынадай субъектілер жатады:

      1) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын субъектілер;

      2) жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      3) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      4) жануарларды ғылыми мақсаттарда күтіп-бағу мен өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      5) зообақтар, цирктер, зоодүкендер;

      6) дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты іріктеп тексерулер, жоспардан тыс, және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ А. Мырзахметов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Бас

      прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің төрағасы

      ___________________ Б. Мусин

      2017 жылғы 17 қазан

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 376 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 23 қазандағы
№ 362 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  ветеринария саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

1. Алдыңғы тексерулердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)

Талаптардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

1.1-бөлім. Жалпы ережелер

1.

Өндіріс объектісі аумағына бөгде адамдар мен жануарлардың кіруін болдырмайтын қоршаудың болуы

Өрескел

2.

Өндіріс объектісінің аумағына (аумағынан) барлық кіреберістерде (шығаберістерде) автокөліктің жүріс бөлігін залалсыздандыруға арналған бүйір жақтары қабырғалармен жабылған қалқамен жабдықталған дезинфекциялық тосқауылдың (бұдан әрі – дезнфекциялық тосқауыл) болуы. Дезинфекциялық тосқауыл жыл бойы жұмыстық жай-күйде ұсталады

Өрескел

3.

Ересек жануарларға арналған шетен қораға жануарларға сұрыптама жүргізілгеннен кейін және жаңа жануарларды қояр алдында әр жолы дезинфекция жүргізгендігі жөніндегі актілердің болуы

Өрескел

4.

Ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журналдардың болуы

Елеулі

5.

Өндіріс объектісінің аумағы "А", "Б", "В", "Г" және "Д"* аймақтарына бөлінуі

Елеулі

6.

Жануарларды күтіп-бағуға арналған мал шаруашылығы қора-жайларының құрамында мынадай объектілердің болуы:
1) жануарларды (төлді және ересек мал басын) күтіп-бағуға арналған ғимараттар;
2) қалқалары, оттықтары, суаратын астаулары, өткелектері, басқыштары мен таразысы бар, жануарларды серуендетуді ұйымдастыруға арналған қашалар;
3) бір кіреберісі және шығаберісі бар, периметр бойынша қоршалған және арық салынған көңді және сұйық көңді сақтауға арналған алаңша

Елеулі

7.

Карантиндік бөлімше және оқшаулағыш бірыңғай блокта орналасқанда, олардың арасында жұмысшылардың арнайы киіміне арналған шкафтар, қолжуғыш, дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтар, аяқкиімді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық төсеніш орналасқан тамбурдың болуы

Елеулі

8.

Жануарларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлар мен қоршалған ашық қашалар көңнен тазартылуы тиіс

Елеулі

9.

Өндіріс объектісін сумен қамтамасыз ету

Елеулі

10.

Жылытылатын мал шаруашылығы және қосалқы қора-жайлардың (жаңа туылған төл үшін) болуы

Елеулі

11.

Төлдерді бір кезеңде өсіретін қора-жайлармен біріктірілген карантиндік ғимараттың болуы

Елеулі

12.

Дератизация жүргізгендігі туралы актілердің болуы

Елеулі

13.

Жануарлардың қоректік заттарға, минералды тұздарға және дәрумендерге қажеттілігін қанағаттандыратын азықтандыру рационның болуы

Елеулі

14.

Иттерді құтыруға қарсы уақтылы вакциналау және оларға диагностика жүргізу, сондай-ақ жылына кемінде 4 рет дегельминтизация жүргізу жөніндегі талаптың сақталуы

Елеулі

15.

Көң сақтайтын орынды өндірістік ғимараттардың кешен аумағы қоршауының сыртында кемінде 60 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта орналастыру

Болмашы

16.

Технологиялық процесті қамтамасыз ету және өндірістік аймақта қызмет көрсету үшін өндіріс объектісі ішінде пайдаланылатын арнайы көліктің болуы

Болмашы

17.

Әрбір мал шаруашылығы қора-жайының (базаның), жемшөп дайындайтын цехтің, жемшөпке арналған қойманың, астық сақтайтын орынның және басқа да объектілердің терезелері, есіктері, желдету тесіктерінде жабайы құстардың ұшып кіруіне жол бермейтін торлы рамалардың болуы

Болмашы

18.

Оқшауланған секциялар мен қора-жайларда оңтайлы ауа алмасуды және жануарлар орналасқан барлық аймақ бойынша таза ауаның біркелкі таралуын қамтамасыз ететін желдету жүйесінің болуы

Болмашы

19.

Ауру жануарларды өндірістік үй-жайлардан мал сою пунктіне тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдарының болуы

Болмашы

20.

Жалпы шаруашылық оқшаулағышы болмаған жағдайда, жертөлесі және өзінің ішкі ауласына шығуға арналған құрылысы бар биіктігі кемінде 2 м тұтас дуалмен қоршалған оқшаулағыштың болуы

Болмашы

21.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені, өлу, бірнеше жануардың бір мезгілде ауыруы жағдайлары туралы хабардар ету

Өрескел

1.2-бөлім. Шошқа өсіру жөніндегі субъектілер үшін

22.

Бордақыланатын шошқаларға тамақ қалдықтарын азық ретінде пайдаланар алдында зарарсыздандыру үшін арнайы қазандардың болуы

Өрескел

23.

Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы

Өрескел

24.

Мегежіндердің төлдеуіне және торайларды бағып өсіруге, шошқа басын толықтыратын төл өсіруге және жануарларды бордақылауға арналған қора-жайларды (секцияларды) "бәрі бос емес – бәрі бос" қағидаты бойынша пайдалану

Елеулі

25.

Бастапқы қалыптастырылған әрбір торайлар тобының құрамын кейінгі өндіріс сатылары – шошқа басын толықтыратын төлді бағып өсіріде, өсіруде және бордақылауда жеке өндірістік бірлік ретінде сақтап қалу

Елеулі

26.

Репродукция цехында аналық шошқа торайлаған кезде шуын немесе өлі туған төлді жинау үшін ылғал өткізбейтін сыйымдылықтардың болуы

Елеулі

27.

Асыл тұқымдық өндіріс объектілері мен асыл тұқымдық репродукторлардағы барлық шошқа басына, сондай-ақ тұқымдық қабандарды, шошқа басын толықтыратын төлді буаздығы мен қысырлығы анықталған ұрғашыларын (топпен күтіп-бағу кезінде) тауарлық өндіріс объектілері мен өнеркәсіптік үлгідегі кешендерде серуендету жүйесінің болуы

Болмашы

1.3-бөлім. Ірі қара мал өсіру жөніндегі субъектілер үшін

28.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналау және олардың диагностикасын қамтамасыз ету

Өрескел

29.

Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы

Өрескел

30.

Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы

Өрескел

31.

"Бәрі бос – бәрі бос емес" технологиялық қағидатын сақтау

Елеулі

32.

Келіп түсу және бір жастық топтан екінші топқа әрбір технологиялық ауыстыру кезінде мал басын диспансеризациялау жүйесін жүргізу

Елеулі

33.

Ірі қара малға арналған серуендету-азықтандыру алаңдарының нормаларын сақтау

Болмашы

34.

Жануарларды күтіп-бағу жөніндегі алаңдарда нөсерлік кәріз жүйесінің болуы, жануарларды терең ауыстырылмайтын төсемдерде күтіп-бағу

Болмашы

1.4-бөлім. Ұсақ мал өсіру жөніндегі субъектілер үшін

35.

36.

37.

Мал басының 0,5 %-ы есебімен өндіріс объектісінде ауру жануарларды уақытша күтіп-бағуға арналған бөлек секцияның болуы

Елеулі

38.

Жарып-сою бөлмесінде жануарлар өлекселерін, түсіктерді және шуды жинауға арналған су өтпейтін сыйымдылықтардың болуы

Елеулі

39.

Қойдың инфекциялық ауруы пайда болған жағдайда, ауру толық жойылғанға дейін ауру қойларды (отарларды) басқа отарлардан оқшаулап ұстауға арналған жағдайлардың болуы

Елеулі

1.5-бөлім. Құс өсіру жөніндегі субъектілер үшін

40.

Инкубациялық жұмыртқалар мен құстарды қабылдаған кезде шаруашылықтың құстардың инфекциялық аурулары бойынша саламатты екенін растайтын, құстардың туберкулезге, пуллорозға тексерілген, сондай-ақ Ньюкасл ауруына, шешекке және басқа ауруларға қарсы вакцинацияланған күні көрсетілген құжаттардың болуы

Өрескел

41.

Инкубациялық жұмыртқаның әр партиясына арналған, құстардың жұқпалы аурулары бойынша шаруашылықтың саламаттылығын растайтын ветеринариялық сертификат немесе анықтаманың болуы

Өрескел

42.

Ветеринариялық зертхананы, сою пунктін және дезинфекциялық блокты әкімшілік-шаруашылық аймақта ("В аймағы") орналастыру жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

43.

Балапанды өсіру кезінде оның ересек құспен (құстардың барлық түрлерінің) қатынас жасауын болдырмау

Елеулі

44.

Жұмыртқаларды пароформалинмен дезинфекциялауға арналған камерада есептік ауа температурасы + 30 0С градусты құрайды

Елеулі

45.

Құс қоралардың ішіндегі аралық қабырғалар мен қоршаулардың жоғарғы жағына құруға арналған және серуендету орындарындағы торлардың мынадай көлемдерден аспайтын ұяшықтары болуы тиіс:
күнтізбелік 60-70 күнге дейінгі жастағы тауық балапандары және күнтізбелік 120 күнге дейінгі жастағы күркетауық балапандары үшін - 30 х 30 миллиметр (бұдан әрі – мм);
ересек тауықтар мен күркетауықтар үшін, сондай-ақ күнтізбелік 60-70 күннен асқан тауық балапандары және күнтізбелік 120 күннен асқан күркетауық балапандары үшін - 50 х 50 мм

Елеулі

46.

Әрбір жұмыртқалар партиясының инкубациясынан кейін инкубациялық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талапты сақтау, оның ішінде өлген және әлсіз, барабар емес балапандарды, қабықты қақпағы тығыз жабылатын металл жәшіктерге салады және азық етіп қайта өңдеу үшін кәдеге жарату цехына жібереді немесе өртейді

Елеулі

47.

Инкубация алдында және одан кейін инкубаторийді және оның ішінде орналасқан жабдықтар мен мүкәммалды, сондай-ақ қоймалық және қосалқы қора-жайларды дезинфекциялау жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

48.

Қоймалық үй-жайларды (жемшөптерге арналған, төсемдер, жұмыртқа қоймасы), жұмыртқаларды сұрыптайтын және өңдейтін цехтарды (ыдыстарды дезинфекциялау пунктімен бірге) өндірістік аймақ қоршауының сызығы бойынша орналастыру

Болмашы

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын (1000 шартты бастан аз) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

49.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені, өлу, бірнеше жануардың бір мезгілде ауыруы жағдайлары туралы хабардар ету

Өрескел

50.

Сатуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын тек етті қайта өңдеу кәсіпорындарында, сою пункттерінде немесе алаңдарында сою жөніндегі талапты сақтау

Өрескел

51.

Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы

Өрескел

52.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналау және олардың диагностикасын қамтамасыз ету

Өрескел

53.

Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы

Өрескел

54.

Көң сақтайтын орынды өндірістік ғимараттардың кешен аумағы қоршауының сыртында кемінде 60 м қашықтықта орналастыру

Болмашы

3-тарау. Балық және балық өнімдерін дайындауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін

55.

Технологиялық процестердің ағымдылығын қамтамасыз ету және шикізат пен қалдықтар ағындарының дайын өнім ағындарымен жанасу мүмкіндігін болдырмау

Өрескел

56.

Балық және балық өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

Өрескел

57.

Балықтың кәсіпшілік ауданына тиесілілігі туралы ақпарат бар таңбамен жарақталуы

Елеулі

4-тарау. Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары үшін

58.

Зертханаларда объектінің қуатына байланысты мынадай ғимараттар жинағымен жабдықталуы жөніндегі талапты сақтау:
1) ет және ет өнімдерін, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерін сараптауға арналған (бөлек жұмыс үстелдерінің болуы);
2) балық және балық өнімдерін сараптауға арналған;
3) сүт және сүт өнімдерін, балды, өсімдік шикізатын сараптауға арналған (бөлек жұмыс үстелдерінің болуы);
4) мүкәммалды жууға арналған;
5) конфискатты сақтау үшін тоңазытқыш жабдықтары бар, ет және ет өнімдерін залалсыздандыруға арналған;
6) дезинфекциялау және жуу құралдарын, мүкәммалды сақтауға арналған;
7) персоналға арналған санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар

Өрескел

59.

Ветеринариялық есепке алу (келіп түсетін өнімді, сараптама нәтижелерін, конфискаттарды, реактивтерді есепке алу) мен есептілікті жүргізу талаптарын сақтау

Өрескел

60.

Ет ұшаларын, ет өнімдерін және басқа өнімдерді уақытша сақтау үшін оқшауланған тоңазытқыш камерасының, сондай-ақ ет, ет өнімдерін және конфискаттарды залалсыздандыруға арналған автоклавтың болуы (автоклав болмаған жағдайда, зарарсыздандыруды ашық қазандықта жүргізуге рұқсат етіледі)

Өрескел

61.

Сойылған жануарлардың ұшаларын, ет өнімдерін, балықты, құсты сараптауға арналған жұмыс үстелдері мәрмәр түйіршіктерімен, кафельмен немесе мырышталған темірмен қапталуға тиіс

Елеулі
 
62.

Ет және ет өнімдеріне сараптама жүргізу үшін ет ұшаларын, ішкі органдарды, басты ілуге арналған арнайы бөлек айлабұйымдармен (қондырғылармен) (ілгіш, ілгек және басқалары) немесе үстелдермен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау

Елеулі
 
63.

Сүт және сүт өнімдеріне зерттеу жүргізілетін үстелдер мырышталған темірмен немесе тағамдық пластиктермен қапталады

Елеулі

64.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған зертхананың қажетті арнайы зертханалық жабдық түрлерімен, аспаптармен, құралдармен, химиялық реактивтермен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, ветеринариялық таңбалармен және мөр таңбалармен, зертханалық ыдыспен, зертханалық жиһазбен, мүкәммалмен және басқа да көмекші материалдармен қамтамасыз етілуі

Елеулі

65.

Пайдаланылатын химиялық реактивтердің жарамдылық мерзімі мен шығарылған күні көрсетілген таңбаның болуы

Елеулі

5-тарау. Етті және жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін

66.

Өндірістік үй-жайларда технологиялық жабдықтарды орналастырған кезде айқаспалы контаминацияны болдырмау жөніндегі талапты сақтау

Өрескел

67.

Етті қайта өңдеу объектілерінде ветеринариялық-санитариялық мақсаттағы мынадай жабдықтардың болуы:
1) қайта өңдеу үшін етті және ет өнімдерін, жануарлардан алынатын шикізатты жеткізетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған стационарлық дезинфекциялық жуу пункті немесе алаңы немесе дезинфекциялаушы тосқауыл;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылауға және ветеринариялық-санитариялық сараптауға арналған жабдығы бар, ветеринария саласындағы мамандарға арналған үй-жайлар;
3) етті және сойылған өнімдерді олар қайта өңделгенге дейін уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерасы;
4) сарқынды суды залалсыздандыруға арналған құрылыстар

Өрескел

68.

Мыналарды қамтамасыз ететін технологиялық процеске қойылатын талапты сақтау:
1) шикі және дайын өнімдер ағынының қиылысуы мен байланысуын болғызбау;
2) қайта өңдеу үшін келіп түсетін шикізат пен қосалқы материалдардың ветеринария және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;
3) ілініп тұрған ет ұшаларын еденге, қабырғаға және технологиялық жабдықтарға тигізбеу;
4) қан ағызу, ұшаларды тазарту және жуу учаскелерінде сұйықтықты арнайы еңіс астаушалар арқылы траптарға ағызу;
5) тағам шикізатының (тоңмай шикізаты, ішек-қарын, тағамдық қан, субөнімдер) берілуін бір-бірінен бөлу, оларды санитариялық өңдеу үшін қолжетімді ету;
6) тағамдық емес қалдықтарды ерекше түске боялған және мақсаты туралы жазбасы (таңбасы) бар арнайы ыдысқа жинау;
7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде жарамсыз деп табылған ұшалар мен органдар) бөлек жабдықталған ағызғыштарға немесе ерекше түске боялған, жылжымалы, жабылатын арнайы ыдыстарға жинау;
8) сойылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындаған немесе олар анықталған жағдайда "Тоқта" деген түймешенің көмегімен конвейерді ветеринария саласындағы мамандардың жұмыс орнынан шұғыл тоқтату (технологиялық процесс толық автоматтандырылған жағдайда);
9) ұшалар, субөнімдер және басқа да сойылған өнімдер санитариялық өңделгеннен, ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалғаннан және таңбаланғаннан кейін ғана оларды тоңазытқышқа жіберу;
10) жұмыс орындарына суық және ыстық су жүргізу, ал ішекті сұрыптау (үру) үшін сығылған ауа беру

Елеулі

69.

Етті қайта өңдеу объектісінің ауа температурасын өнім түріне қарай 0 0С-дан 30 0С-ға дейін және ылғалдығын 60%-дан 95%-ға дейін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тоңазытқыш камераларымен және мұздатқыштармен жарақтау жөніндегі талапты сақтау

Болмашы

70.

Шикізат пен өнімдерді сақтауға арналған штабельдерді қабырғалар мен тоңазыту аспаптарынан кемінде 30 сантиметр (бұдан әрі – см) қашықтықта орналастыру және штабельдердің арасында өтетін жолдардың болуы

Болмашы

6-тарау. Жануарлар мен құстарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

71.

Жануарларды өткізу объектісінің аумағына автокөліктің кіреберісінде/шығаберісінде қақпалардың, дезинфекциялық тосқауылы бар бақылау-өткізу пункттерінің болуы

Өрескел

72.

Жануарларды өткізу объектісінің аумағына қаңғыбас ауыл шаруашылығы және ет қоректі үй жануарларының енуін, сондай-ақ келушілердің аумаққа белгіленбеген жерлерден өтуін болдырмауға арналған қоршаудың болуы (жануарларды өткізу объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 м тұтас немесе торлы дуалмен қоршайды)

Өрескел

73.

Түрлері бойынша өткізілетін жануарларды ұстауға арналған орындарда қалқасы, оттығы және суарғышы бар секциялардан тұратын жабдықталған қашалардың болуы

Өрескел

74.

Орталық кәрізге қолданылған суды және орталық кәрізге ағызу алдында сарқынды суларды зарарсыздандыру шайындыларын ағызуға арналған түбі мен қабырғасынан су өтпейтін арнайы шұңқырдың болуы

Өрескел

75.

Кемінде 1 м тереңдікке қазылған тікбұрышты алаң түріндегі уақытша көң сақтау орнын жабдықтау

Өрескел

76.

Көңді кейіннен биотермиялық залалсыздандыру үшін уақытша көң сақтау орнынан апта сайын арнайы орынға шығару жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

77.

Жануарларды өткізу объектісінің ветеринариялық пунктінде:
1) жұмыс кабинетінің;
2) жануарларды ветеринариялық қарап-тексеруге арналған ветеринариялық құралдар мен аспаптар жиынының болуы

Елеулі

78.

Таза аймаққа кіретін мынадай міндетті элементтердің болуы:
1) жануарларды өткізу объектісінің аумағында кіреберіс/шығаберіс;
2) жануарларды өткізу объектісінің әкімшілік ғимараты;
3) жануарды сатып алушыларға арналған қатты жабынды қашалар секцияларының бойында тротуары бар қарау алаңы

Елеулі

79.

Лас аймаққа кіретін мынадай міндетті элементтердің болуы:
1) автокөліктің кіруіне және шығуына арналған қақпа;
2) жануарларды өткізу объектісіне жануарларды өткізу үшін әкелетін жануарлар иелеріне арналған кіреберіс және шығаберіс;
3) дезинфекциялық заттарды сақтауға арналған қойма;
4) жемшөп сақтауға арналған орын;
5) жануарларды тасыған көлік құралдарына арналған уақытша тұрақ;
6) пандус басқышы және тасып әкелінген немесе айдап әкелінген жануарларды түсіруге арналған кіреберісі бар жинақтаушы қаша;
7) пандус басқышы және сатып алынған жануарларды тиеп жөнелтуге немесе шығаруға арналған шығаберісі бар жинақтаушы қаша;
8) ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстауға арналған оқшаулағыш;
9) ветеринариялық пункт;
10) жануарларды түрлері бойынша өткізу үшін орналастыруға арналған қашалар секциялары

Елеулі

80.

Объектіде аумаққа әкелінетін және одан әкетілетін жануарлардың қарсы қозғалысын болдырмауды қамтамасыз ететін жануарлар, персонал және келушілер қозғалысының ағындығы қағидатын сақтау

Елеулі

81.

Өткізілетін жануарларды түрлері бойынша күтіп-бағуға арналған қалқасы, оттығы және суарғышы бар қашалардың болуы

Елеулі

82.

Жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру және ілеспе құжаттарын тексеру үшін жануарларды қозғалтпай ұстап тұратын арнайы станокпен жабдықталған жинақтағыштың және өткелектің болуы

Елеулі

83.

Жануарларды сату объектісінде базар әкімшілігі бекіткен көңнен, қоқыстан тазарту, сондай-ақ дезинфекциялау кестесінің болуы

Елеулі

84.

Жануарларды өткізу объектісіне келіп түсетін жануарлар туралы мәліметтерді (өткізілетін жануардың иесі, жеке нөмірі, жасы, түсі, түрі, жынысы, ветеринариялық байқау нәтижелері) тіркеудің арнайы журналын, оларды кейіннен дерекқорға енгізе отырып жануарларды өткізу объектісінің ветеринария саласындағы маманы жүргізеді. Журнал нөмірленген, тігілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық дәрігерінің мөрімен және қолымен бекемделген болуы тиіс талабын сақтау

Елеулі

85.

Ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстайтын оқшаулағыштың болуы

Елеулі

86.

Оқшаулағышқа кіреберісте дезинфекциялық төсеніштің болуы

Елеулі

87.

Жануарларды ұстайтын қашаларда дренаж каналдары жағына кемінде 30-60 еңістің болуы. Дренаждық каналдар қазылған шұңқырға қарай кемінде 30-50 еңіс етіп жасалады

Елеулі

88.

Норманы сақтай отырып, жануарларды қашаларға орналастыру талаптарын сақтау:
1) ірі жануарлар (түйелер, жылқылар, ірі қара малдар) үшін – бір жануарға кемінде 3 шаршы метр (бұдан әрі – м2);
2) ұсақ жануарлар (қойлар, ешкілер, шошқалар) үшін – бір жануарға кемінде 1,7 – 2 м2

Елеулі

89.

Жануарларды өткізу объектісінің аумағында қалқасы мен бетондалған едені бар, есігі бар, тығыз материалмен қоршалған жемшөптерді сақтауға арналған орынның болуы

Болмашы

90.

Оқшаулағышта оттық пен суарғыштың болуы

Болмашы

7-тарау. Жануарларды союды жүзеге асыратын субъектілер үшін

91.

Ветеринариялық есепке алу журналының болуы және жүргізілуі

Өрескел

92.

Жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары бойынша саламатты, міндетті бірдейлендіру рәсімінен өткен және ветеринариялық құжаттары бар, аумақтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден әкелінген жануарларды союға қабылдау жөніндегі талапты сақтау

Өрескел

93.

Бөгде адамдар мен қаңғыбас жануарлардың өндіріс объектілерінің аумағына бақылаусыз кіруін болдырмайтын, тұтас қоршаудың болуы

Елеулі

94.

Өндіріс объектілерінің аумағында мыналардың:
1) шикізатты, дайын өнім мен қалдықтарды тасу жолдарының;
2) ветеринариялық қарап-тексеруден кейін сою алдындағы ұстауға жіберілетін сау жануарларды тасу жолдарының санитариялық блокқа жіберілген ауру немесе ауру бойынша күдікті жануарлардың орын ауыстыруы;
3) дайын азық-түлік өнімдерін жануарлармен, көңмен, өндіріс қалдықтарымен қиылыспай тасымалдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылыстар мен құрылғыларды орналастыру

Елеулі

95.

Объектінің аумағына кіреберісте (шығаберісте) көліктің қозғалмалы бөлігін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы тосқауылдың болуы

Елеулі

96.

Жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілері (сою алаңынан қоспағанда) тиісінше жарақталуы:
1) стационарлық дезинфекциялық жуу пунктімен немесе жануарларды союға әкелетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған алаңдармен немесе автокөлікке арналған дезинфекциялаушы тосқауылмен;
2) ветеринария саласындағы мамандар үшін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылауға және ветеринариялық-санитариялық сараптауға арналған жабдықтары бар үй-жайлармен;
3) жануарларды орналастыруға арналған орындармен, жануарларды ветеринариялық қарап тексеруге арналған өткелектермен;
4) санитариялық қасапханамен (кәдімгі өндірістік цехтардағыдай, бірақ мөлшері едәуір шағын, ет пен субөнімдерді стерильдеуге арналған бөлімшесі бар үй-жаймен) немесе ауру немесе әлсіз жануарларды оқшаулап өңдеуге арналған санитариялық камерамен (ғимарат ішінде орналасқан бөлек үй-жаймен);
5) карантинге арналған үй-жайлармен (байқау және қажет болған жағдайда диагностикалық зерттеу мақсатында жануарлар басқа жануарлармен араластырылмай (тікелей немесе жанама) оқшау ұсталатын орындарымен) және оқшаулағышпен (ауру жануарларды орналастыру үшін мал сою объектісінің аумағында оқшауланған үй-жаймен);
6) ет пен сойылған өнімдер өңделгенге дейін олардың уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерамен;
7) сарқынды суды жинауға арналған бетондалған шұңқырмен (септикпен) және зарарсыздандыруға арналған құрылыстармен;
8) жануарларды союдың алдында ұстауға арналған ғимараттармен (қалқалармен) (сойылатын жануарларды қабылдау, орналастыру, ветеринариялық тексеру, сұрыптау және сойылатын жануарларды тынықтыру үшін жануарларды сою объектісінің аумағындағы оңашаланған үй-жаймен (алаңмен));
9) тұрмыстық үй-жайлармен және киімді санитариялық өңдеуге арналған дезинфекциялау камерасымен;
10) көң мен қан-жынды жинауға және уақытша сақтауға арналған алаңмен;
11) жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерімен немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасымен жарақталады

Елеулі

97.

Карантиндік үй-жай мен оқшаулағыштан қи, төсем мен жемшөп қалдықтарын жинау және жиып қою үшін санитариялық блоктың аумағында орналасқан, жануарларды сою объектісінің өндірістік қуаты ескеріле отырып, кемінде алты тәулікке есептелген бетондалған учаскенің болуы

Елеулі

98.

Қан-жынды жинау үшін бетондалған алаңқайға орналастырылатын, қақпағы тығыз жабылатын арнайы ыдыстардың (контейнерлердің) болуы

Елеулі

99.

Сою объектісінен тыс жерде кәдеге жаратылуға немесе жойылуға тиіс өлекселер, қи, қалған-құтқан төсеніш, жемшөптер, қалдықтарды апаратын жабулы шанағы бар автокөліктің болуы

Елеулі

100.

Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар мен ашық қораларда қатты жабының болуы

Елеулі

101.

Еттің ластануын болдырмау үшін технологиялық операциялардың кеңістікте және уақыт жағынан бөлінуі:
1) естен тандыру және қанын ағызу;
2) шошқаға қатысты: қайнаған сумен күйдіру, қылшықтан тазарту, қыру және үйіту;
3) ішегін ақтару (сойылған жануардың ұшасын мүшелеген кезде іш және көкірек қуыстарынан ішкі органдарды шығару) және кейіннен мүшелеу;
4) тазартылған қарын мен ішектерді өңдеу;
5) союдың басқа жанама өнімдерін өңдеу және жуу, атап айтқанда, сою желісінде жүргізілмеген болса, бастың терісін сыпыру;
6) союдың жанама өнімдерін буып-түю;
7) етті тиеп жөнелту

Елеулі

102.

Барлық өндірістік үй-жайларға кіреберісте толық гигиеналық өңдеу модульдерінің болуы

Елеулі

103.

Жануарларды сою объектісінде ұсақ мүкәммалға (пышақ, мусаттар және басқаларына) арналған стерилизаторлардың болуы

Елеулі

104.

Неғұрлым ірі мүкәммалды, айналым ыдыстары мен көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау үшін жуу машиналарының немесе дезинфекциялаушы ерітіндімен, ыстық және суық сумен жабдықталған үй-жайлардың болуы

Елеулі

105.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілетін жерлерде ветеринариялық конфискаттарды жинауға арналған бөгде адамдардың санкциясыз қол жеткізуіне жол берілмейтін, басқа жабдықтан түсі өзгеше және олардың мақсаты туралы жазуы бар контейнерлердің болуы

Елеулі

106.

Жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектісінде (сою алаңында) тиісті жабдықтардың болуы:
1) жануарларды сою алдында ұстау және қарап тексеру мақсатында жануарларды орналастыруға арналған қаша (алаңқай), сондай-ақ жануарларды сою объектісінің өндірістік қуатын ескере отырып, экскременттерге арналған арнайы жабдықталған орын;
2) жануарларды сою объектісінің өндірістік қуатын ескере отырып:
оңай тазаланатын және дезинфекцияланатын, су ағызуды жеңілдететіндей түрде бейімделген, жабынның астынан су бұратын ормен және арықтармен әрі сарқынды суды жинау және зарарсыздандыру үшін бетондалған шұңқырмен (септикпен) жабдықталған су өткізбейтін еден жабынымен;
тегіс, оңай жуылатын материалдармен қапталған немесе 3 м биіктікке дейін боялған, бұрыштары мен шығып тұрған жерлері дөңгелектелген қабырғамен;
желдетумен және жылытумен;
түсті бұрмаламайтын табиғи немесе жасанды жарықтандырумен;
қанын ағызуды, терісін сыпыруды, ішкі органдарды шығаруды және ұшалар мен ішкі органдарды сойылғаннан кейін қарап тексеру жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ұшаны іліп қоюға арналған, ұшалардың еденге, қабырғаға, технологиялық жабдыққа тиюін болғызбайтын құралмен;
пышақтарды (кемінде екі), ілгектерді, құралдарды (фонендоскоп, термометр, плесиметр, бюкс) зарарсыздандыруға арналған стерилизатор, қолды өңдеуге арналған дезинфекциялағыш құралдары бар кеспек, арнайы киім бар ветеринар дәрігерге арналған орынмен;
сарқынды суды жинау және зарарсыздандыруға арналған жабық шұңқырмен (септикпен);
асқазан мен ішектерді босатуға және тазартуға бейімделген орынмен;
ілмекті жолдардың астынан ұшалардың қанын ағызу учаскелерінде қан жинауға арналған тұғырлықтармен;
персоналға арналған қолжуғышпен, бір реттік қол орамалмен (қол жууға арналған дезерітінділермен);
тот баспайтын материалдардан жасалған, оңай тазартылатын және дезинфекцияланатын құралдармен және жұмыс жабдығымен, ветеринариялық конфискаттарға арналған контейнермен жасақталуға тиіс бауыздауға арналған үй-жай болуға тиіс

Елеулі

107.

Сою объектісінің аумағынан тыс жерде қи мен сығылған қан-жынды биотермиялық зарарсыздандыруға арналған арнайы бөлінген алаңда бетондалған алаңқайдың болуы

Болмашы

108.

Ұшалардың қанын ағызу учаскелерінде ілгекті жолдардың астынан техникалық қанды жинау үшін оңай жуылатын және дезинфекцияланатын материалдармен қапталған және қанның траптарға ағуы үшін еңістелген тұғырлықтар немесе қанның ағызу үшін астаушаның болуы

Болмашы

109.

Жануарларды бауыздау мен терісін сыпыру аймақтары мүшелеу және ішкі органдарды өңдеу аймағынан биіктігі кемінде 2 м қалқаның болуы

Болмашы

110.

Шошқаларды сойған кезде күйдіру, қылшығын алу, тазарту және үйіту үшін сойылған жерден кемінде 5 м ашық кеңістікпен бөлінген немесе биіктігі кемінде 3 м қалқамен қоршалған арнаулы орынның болуы

Болмашы

8-тарау. Жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

111.

Өндірістік үй-жайларға кіреберістерде аяқ-киім тазалайтын тордың, күнделікті тазаланатын қоқыс жинайтын жәшіктің болуы

Елеулі

112.

Жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

Өрескел

113.

Күрделі жинау жүргізу үшін 6 айда кемінде бір рет санитариялық күндер өткізу жөніндегі талапты сақтау және барлық үй-жайларға, жабдықтарға дезинфекция, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жүргізу жөніндегі актілердің болуы

Елеулі

114.

Ет – балық және басқа азық қалдықтарын тасымалдауға арналған жабдықты күнделікті тазарту және дезинфекциялау жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

115.

Азық қалдықтарын өңдеуге арналған оқшауланған үй-жайдың болуы

Елеулі

116.

Өндірістік үй-жайларда қалдықтарды сондай-ақ технологиялық процестерде пайдаланылмайтын құрал-сайман мен жабдықты сақтауға тыйым салу жөніндегі талаптарды сақтау

Болмашы

117.

Өңдеуші өндіріс қалдықтарын сақтау үшін жарақталған жабық резервуарлы қойма ғимараты немесе қоршалған ашық жинақтардың (алаңқайлардың) болуы

Болмашы

118.

Құрама жемшөп өндіретін ұйымдарда сусымалы шикізатты (бидай, кебек, ұнтақ) сақтау үшін сүрлемдік (бункерлік) немесе едендік үлгідегі қоймалардың болуы

Болмашы

9-тарау. Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар үшін

119.

Жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі талапты сақтау

Өрескел

120.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы мәліметтерге сәйкес келетін жеке нөмірлері көрсетілген вакцинация, аллергиялық зерттеулер, дауалау жүргізілген жануарлар тізбесі актілерінің болуы

Өрескел

121.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі ұйымдаға қойылатын талаптарды сақтау:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу орнын және уақытын айқындайды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;
3) жануарға жеке нөмір береді;
4) дерекқордың жүргізілуін жүзеге асырады (дерекқорға деректер енгізу);
5) жануар иесіне ветеринариялық паспорт береді

Өрескел

122.

Биологиялық материалдардан сынама алып ветеринариялық зертханаға жеткізу жөнінде талаптардың сақталуы

Өрескел

123.

Көшірмелері мен түбіртектері үш жыл сақталуға жататын, берілген ветеринариялық анықтамалардың есептілігінің болуы және оларды беру тәртібін сақтау

Өрескел

124.

Жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті санының болуы:
1) ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы;
2) инесіз инъектор;
3) термочемодандар;
4) жаппай екпе жасауға арналған аппарат (металдан жасалған);
5) кутиметр;
6) ұнтақ беру құрылғысы (дәрі-дәрмек үшін);
7) бұқаға арналған мұрын сақинасы;
8) қайшылар;
9) мақта (зарарсыздандырылмаған);
10) ветеринариялық термометр

Өрескел

125.

Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштың және хладагенті бар термосыйымдылықтың (мөлшері 100x100x200 см көп емес), сондай-ақ металл шкафтың болуы

Өрескел

126.

Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған және бүкіл сақтау мерзiмi ішінде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін мамандандырылған қойма үй-жайларының болуы

Өрескел

127.

Ветеринариялық препараттардың қозғалысын есепке алудың болуы, үй-жайдың температурасы мен ылғалдылығына бақылау жүргізу, сондай-ақ үй-жайларды жинау және өңдеу

Өрескел

128.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомостердің болуы

Елеулі

129.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың қажетті ең аз тізбесімен қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтау:
1) суық және ыстық таңбалауды жүргізуге арналған аппарат;
2) сырғалауды жүргізуге арналған аппарат;
3) өздігінен желімдейтін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер;
4) жануарлардың жеке нөмірлерін санауға арналған сканер;
аспаптарға, құралдарға және атрибуттарға арналған сөмке

Елеулі

130.

Дезинфекциялау қондырғысы бар автомашиналардың (сыйымдылығы 500-600 литр) болуы

Елеулі

131.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға арналған тұзақ құралдарының болуы және оларды аулау және жою талаптарының сақталуы

Елеулі

132.

Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес ұстау жөніндегі талаптарды сақтау:
1) иіктігі 2,5 м, ұзындығы 6 м, ені 3 м болатын қалқа;
2) жануарлардың өлекселерін союға, дезинфекциялаушы құралдарды, мүккәмалды, арнайы киімдерді және құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жай;
3) шұңқырдан шығарылған диаметрі 25 см және биіктігі 3 м мұржа;
4) биіктігі 2 м кем емес кіру қақпасы бар дуал;
5) дуалдың ішкі жағынан тереңдігі 0,8-1,4 м және ені 1,5 м кем емес қазылған ор;
6) екі қабаттан жасалған шұңқырдың жабыны;
7) көпір

Өрескел

133.

Ветеринариялық есепке алу журналдарының болуы және толтырылуы:
1) ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журнал (ветесеп, № 1-вет нысан);
2) жануарлардың ауруларын тіркеуге арналған журнал (ветесеп, № 2-вет нысан)

Өрескел

134.

Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған аспаптармен құралдардың ең төменгі қажетті санымен қамтамасыз етілуі (жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызмет көрсету кезінде) жөніндегі талапты сақтау:
1) ұрықтандырушы техниктің чемоданы (жинақталған);
2) микроскоп;
3) Дьюар ыдысы, 35 литр;
4) Дьюар ыдысы, 6 литр

Болмашы

10-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері үшін

135.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізу) ұйымдастыру жөнінде талапты сақтау (ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда)

Өрескел

136.

Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы

Өрескел

137.

Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда зерттеу жүргізу туралы эпизоотологиялық зерттеу актісінің болуы

Өрескел

138.

Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру

Өрескел

139.

Энзоотиялық және жануарлардың басқа ауруларын сонымен қатар, уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларына диагностика жүргізу үшін биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу, профилактика бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуына ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

Өрескел

140.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспорттарды жасау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөнінде талапты сақтау

Елеулі

141.

Ішкі сауда объектілерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

Елеулі

142.

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен айналысатындарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

Елеулі

143.

Ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

Елеулі

144.

Экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

Елеулі

145.

Экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

Елеулі

146.

Тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

Елеулі

147.

Экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

Елеулі

148.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтау

Елеулі

149.

Жүргізу мерзімін көрсете отырып ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау

Елеулі

150.

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының бекітілген тізбесінің болуы

Елеулі

151.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

152.

Ветеринариялық есептілік журналдарының болуы және толтырылуы

Өрескел

153.

Көшірмелері және түбіртектері үш жыл сақталуға жататын берілген ветеринариялық-санитариялық қорытынды есебінің болуы

Елеулі

154.

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу ұйымдарына есептік нөмір беру тәртібін сақтау

Болмашы

11-тарау. Сүтті қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін

155.

Жол құжатында сүт автоцистерналарын сүттен әрбір босатылғаннан кейін жуу және дезинфекциялау, кейіннен оларға пломба салу туралы белгінің болуы

Өрескел

156.

Сүтті қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

Өрескел

157.

Сүтке арналған ветеринариялық анықтамалардың болуы

Өрескел

158.

Шлангілер мен түтікшелерді өңдеуге арналған жуу және дезинфекциялау ерітінділерін сақтау үшін арнайы таңбаланған сыйымдылықтардың болуы

Елеулі

12-тарау. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

159.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органында ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы

Елеулі

160.

Ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларды және жабдық жиынтығын иеленуге;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша жұмыскерлер ұстауға (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломға ие болуға (жеке тұлғалар) міндетті

Өрескел

161.

Жиып қою аймағында:
1) әртүрлі санаттағы материалдар мен өнімді (бастапқы шикізат және буып-түю материалдары; аралық, өлшеп оралмаған және дайын өнім; карантиндегі өнім; шығаруға рұқсат берілген, кейінге қалдырылған, кері қайтарылған немесе қайтарылып алынған өнім) тиісінше сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрдегі сыйымдылықты көздейді;
2) жиып қою аймағын ұйымдастыру барысында тиісінше сақтау жағдайларын көздеу қажет. Жиып қою аймақтары таза және құрғақ болуы керек, онда қажетті температуралық режим қамтамасыз етілуі тиіс. Қажет болған жағдайда, арнайы сақтау жағдайларын (температура, ауа ылғалдылығы) және оларды бақылауды қамтамасыз ету керек;
3) материалдар мен өнімді қабылдау мен беру аймақтарында олардың қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғалуы қамтамасыз етілуі тиіс;
4) егер карантин режимі өнімді бөлек аймақтарда сақтаумен қамтамасыз ететін болса, онда ол аймақтар нақты белгіленуі тиіс;
5) бастапқы материалдар сынамаларын іріктеуді жекелеген аймақта орындайды. Сынамаларды қойма аймағында іріктеу кезінде тікелей және қиылысқан ластанудың алдын алатын шаралар қабылдануы тиіс;
6) жарамсыз деп танылған, қайтарылып алынған немесе кері қайтарылған материалдарды сақтау үшін оқшауланған аймақтар көзделеді;
7) әсері қатты заттар мен препараттар қауіпсіз және күзетілетін үй-жайларда сақталуы тиіс;
8) ветеринариялық препараттың сәйкестігін растаудағы маңызды рөліне байланысты таңбаланған орама материалдарының сенімді және қауіпсіз сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс;
9) жартылай фабрикаттарды, жекелеген ингредиенттерді анық көрінетін таңбасы – өнімнің атауы, жасалған күні, қоймаға келіп түскен күні бар, жауапты адамның қолы қойылған арнайы контейнерлерде сақтау керек. Дайын өнім контейнерлерде немесе стеллаждарда тиісті таңба жасалған тауарлық орамада сақталуы тиіс;
10) қоймалық үй-жайларда үй-жайдағы температура мен ылғалдылыққа тұрақты түрде бақылау, ветеринариялық препараттардың қозғалысын есепке алу, сондай-ақ үй-жайларды жинау мен өңдеу жүргізіліп отыруы тиіс;
11) ветеринариялық препараттарды сақтау және тасымалдау ветеринариялық препараттарды қолдану (пайдалану) жөніндегі басшылықта көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі

Өрескел

162.

Дезинфекциялық тосқауылсыз өндіруші аумағына көліктің кіруіне/шығуына жол бермеу жөніндегі талапты сақтау

Өрескел

163.

Ветеринариялық препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын ғимараттарда техникалық мақсаттағы уды (пестицидтер мен гербицидтерді) өндіруге жол берілмеу

Өрескел

164.

Ветеринариялық препараттарды өндіруге арналған жабдықтар мен үй-жайлар өз мақсатында ғана пайдаланылады, онда басқа өнімді дайындауға жол берілмейді

Елеулі

165.

Пайдалану мерзімі өтіп кеткен немесе пайдалануға жарамсыз таңбалау немесе бастапқы орама материалдарын жою туралы хаттамалардың болуы

Елеулі

166.

Өндірістік бақылау бөлімшесінің дайын өнімнің нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні туралы зерттеу нәтижелері алынғаннан кейін дайын өнімді қоймаға сақтауға жол беріледі

Елеулі

167.

Ветеринариялық препараттарды оларды сақтау мерзімі өтіп кеткеннен кейін жою жөніндегі актілердің болуы

Елеулі

13-тарау. Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

168.

Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

Өрескел

169.

Өңірлендіруге сәйкес ауыл шаруашылығы және үй жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларынан, сондай-ақ соңғы 3 айда шаруашылық аумағында америкалық шірімеден, еуропалық шірімеден, нозематоздан таза шаруашылықтардан (омарталардан) және әкімшілік аумақтан табиғи бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін айналымға жіберу туралы ветеринариялық анықтамалардың болуы

Өрескел

170.

Балдың және бал ара шаруашылығы өнімдерін физикалық- химиялық қасиеттері бойынша сараптау актісінің (сынақ хаттамасының) болуы

Өрескел

171.

Омарталарды құрғақ, күн сәулесімен жарықтандырылған, желден қорғалған, тас және темір жолдарына, ағаш кесу орнына, жоғары кернеулі электр беру желілеріне 500 м жақын емес және кондитерлік, химия өнеркәсіп кәсіпорындарынан, әуеайлақтардан, әскери полигондардан, радиолокациялық, радио-телетаратушы станциялардан және өзге де микротолқынды сәуле көздерінен 5 километр (бұдан әрі – км) қашықтықта орналастырады

Елеулі

172.

Аралар әртүрлі түске боялған (көк, ақ, сары) ақаусыз ара ұяларында ұсталады

Елеулі

173.

Стационарлық омарта аумағына арналған шарбақтың болуы

Елеулі

174.

Көшпелі омарталарды бал жинау көздерінен бір-бірінен кемінде 1,5 км және стационарлық омарталардан 3 км қашықтықта орналастыру

Елеулі

175.

Омартаны тиісінше ветеринариялық-санитариялық жай-күйде ұстау, үстіне омарталық үйшіктер (көшпенді дүңгіршектер) орналастыру, жеке гигиена мен дезинфекциялау заттарымен және құралдарымен (сутегі тотығы және басқалары) қамтамасыз ету, дезинфекциялау алаңқайларымен, жабық шұңқырмен (сарқынды суға арналған), омарташыға арналған дәретхана жайларымен жабдықтау

Өрескел

      Ескертпе: *(А аймағы) – негізгі табынды ұстауға және өнім өндіруге арналған үй-жай, мал туатын бөлім, жаңа туылған төлдерге арналған профилакторий, төлдерді, мал басын толықтыратын табынды ұстауға арналған үй-жай, жануарларды қолдан ұрықтандыратын пункт (құс фабрикаларын қоспағанда), оқшаулағыш және карантиндік бөлім (басқышы бар үй-жай, жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған шарбақ), жемшөп қоспаларын дайындау бойынша азық цехы;

      (Б аймағы) – қызмет көрсетуші персоналға арналған санитариялық өткізу орны бар ветеринариялық-санитариялық блок;

      (В аймағы) – әкімшілік-шаруашылық;

      (Г аймағы) – жемшөп сақтау;

      (Д аймағы) – көңді сақтауға арналған оқшауланған орын.

2. Бақылау субъектілері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ұсынатын ветеринариялық есептілік мониторингінің нәтижелері

Талаптардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

176.

Ветеринария саласындағы қызмет жөніндегі есептілікті ұсынбау

Өрескел

177.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген белгіленген есеп нысандарына сәйкес келмейтін ветеринария саласындағы қызмет бойынша есеп ұсыну және толық есеп ұсынбау, сондай-ақ мерзімдерді бұзу

Елеулі

3. Расталған өтініштер мен шағымдардың бары-жоғы және саны

178.

Қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор бақылау субъектісінің қызметін сот шешімінсіз сол мерзім ішінде міндетті түрде талап-арызды бере отырып, үш тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтатқан немесе оған тыйым салған бір шағымның болуы

Өрескел

179.

Қарастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты бақылау субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған бір расталған шағымның болуы

Елеулі

180.

Қарастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы анықталған заңнама талаптарын бұзушылыққа қатысты бақылау субьектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартпастан, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілген бір шағымның болуы

Болмашы

4. Тексерілетін субъекті кінәсінен орын алған қолайсыз оқыс оқиғалардың бар-жоғы

181.

Жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болуы және таралуы, сондай-ақ ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтамау салдарынан жануарлардың және адамдардың ауыруы немесе улануы

Өрескел

182.

Ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамау салдарынан адамдардың ауыруна немесе улануына әкеп соқпаған жануарлардың жұқпалы ауруының пайда болуы және таралуы

Елеулі

183.

Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында мемлекеттік тіркелмеген ветеринарлық препараттарды емдеу-профилактикалық мақсаттарда қолдану

Елеулі

5. Жергілікті атқарушы органдардан, Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші елдердің уәкілетті органдарынан ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадалауға жататын объектілердің анықталғаны туралы ақпарат

184.

Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарының сақталмауы туралы Евразиялық экономикалық одақтың уәкілетті органдары тарапынан берілген ақпараттың болуы

Өрескел

185.

Бақылау органдары тарапынан (санитарлық эпидемиологиялық қадағалау, техникалық реттеу органдары) бақылаудағы өнімде зиянды және тыйым салынған заттардың анықталғандығы туралы ақпараттың болуы

Елеулі

186.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының ветеринарлық-санитариялық талаптарын бұзуы фактілерінің анықталғаны туралы ақпараттың болуы

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 376 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 23 қазандағы
№ 362 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы 25
желтоқсандағы № 7-1/1130 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 802 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Ветеринария саласындағы тексеру парағы

      Тексеру тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)_________________________________________________

      Орналасу орнының мекенжайы _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талапқа сай

Талапқа сай емес

1-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

1.1-бөлім. Жалпы ережелер

1.

Өндіріс объектісі аумағына бөгде адамдар мен жануарлардың кіруін болдырмайтын қоршаудың болуы

2.

Өндіріс объектісінің аумағына (аумағынан) барлық кіреберістерде (шығаберістерде) автокөліктің жүріс бөлігін залалсыздандыруға арналған бүйір жақтары қабырғалармен жабылған қалқамен жабдықталған дезинфекциялық тосқауылдың (бұдан әрі – дезнфекциялық тосқауыл) болуы. Дезинфекциялық тосқауыл жыл бойы жұмыстық жай-күйде ұсталады

3.

Ересек жануарларға арналған шетен қораға жануарларға сұрыптама жүргізілгеннен кейін және жаңа жануарларды қояр алдында әр жолы дезинфекция жүргізгендігі жөніндегі актілердің болуы

4.

Ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журналдардың болуы

5.

Өндіріс объектісінің аумағы "А", "Б", "В", "Г" және "Д"* аймақтарына бөлінуі

6.

Жануарларды күтіп-бағуға арналған мал шаруашылығы қора-жайларының құрамында мынадай объектілердің болуы:
1) жануарларды (төлді және ересек мал басын) күтіп-бағуға арналған ғимараттар;
2) қалқалары, оттықтары, суаратын астаулары, өткелектері, басқыштары мен таразысы бар, жануарларды серуендетуді ұйымдастыруға арналған қашалар;
3) бір кіреберісі және шығаберісі бар, периметр бойынша қоршалған және арық салынған көңді және сұйық көңді сақтауға арналған алаңша

7.

Карантиндік бөлімше және оқшаулағыш бірыңғай блокта орналасқанда, олардың арасында жұмысшылардың арнайы киіміне арналған шкафтар, қолжуғыш, дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтар, аяқкиімді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық төсеніш орналасқан тамбурдың болуы

8.

Жануарларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлар мен қоршалған ашық қашалар көңнен тазартылуы тиіс

9.

Өндіріс объектісін сумен қамтамасыз ету

10.

Жылытылатын мал шаруашылығы және қосалқы қора-жайлардың (жаңа туылған төл үшін) болуы

11.

Төлдерді бір кезеңде өсіретін қора-жайлармен біріктірілген карантиндік ғимараттың болуы

12.

Дератизация жүргізгендігі туралы актілердің болуы

13.

Жануарлардың қоректік заттарға, минералды тұздарға және дәрумендерге қажеттілігін қанағаттандыратын азықтандыру рационның болуы

14.

Иттерді құтыруға қарсы уақтылы вакциналау және оларға диагностика жүргізу, сондай-ақ жылына кемінде 4 рет дегельминтизация жүргізу жөніндегі талаптың сақталуы

15.

Көң сақтайтын орынды өндірістік ғимараттардың кешен аумағы қоршауының сыртында кемінде 60 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта орналастыру

16.

Технологиялық процесті қамтамасыз ету және өндірістік аймақта қызмет көрсету үшін өндіріс объектісі ішінде пайдаланылатын арнайы көліктің болуы

17.

Әрбір мал шаруашылығы қора-жайының (базаның), жемшөп дайындайтын цехтің, жемшөпке арналған қойманың, астық сақтайтын орынның және басқа да объектілердің терезелері, есіктері, желдету тесіктерінде жабайы құстардың ұшып кіруіне жол бермейтін торлы рамалардың болуы

18.

Оқшауланған секциялар мен қора-жайларда оңтайлы ауа алмасуды және жануарлар орналасқан барлық аймақ бойынша таза ауаның біркелкі таралуын қамтамасыз ететін желдету жүйесінің болуы

19.

Ауру жануарларды өндірістік үй-жайлардан мал сою пунктіне тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдарының болуы

20.

Жалпы шаруашылық оқшаулағышы болмаған жағдайда, жертөлесі және өзінің ішкі ауласына шығуға арналған құрылысы бар биіктігі кемінде 2 м тұтас дуалмен қоршалған оқшаулағыштың болуы

21.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені, өлу, бірнеше жануардың бір мезгілде ауыруы жағдайлары туралы хабардар ету

1.2-бөлім. Шошқа өсіру жөніндегі субъектілер үшін

22.

Бордақыланатын шошқаларға тамақ қалдықтарын азық ретінде пайдаланар алдында зарарсыздандыру үшін арнайы қазандардың болуы

23.

Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы

24.

Мегежіндердің төлдеуіне және торайларды бағып өсіруге, шошқа басын толықтыратын төл өсіруге және жануарларды бордақылауға арналған қора-жайларды (секцияларды) "бәрі бос емес – бәрі бос" қағидаты бойынша пайдалану

25.

Бастапқы қалыптастырылған әрбір торайлар тобының құрамын кейінгі өндіріс сатылары – шошқа басын толықтыратын төлді бағып өсірде, өсіруде және бордақылауда жеке өндірістік бірлік ретінде сақтап қалу

26.

Репродукция цехында аналық шошқа торайлаған кезде шуын немесе өлі туған төлді жинау үшін ылғал өткізбейтін сыйымдылықтардың болуы

27.

Асыл тұқымдық өндіріс объектілері мен асыл тұқымдық репродукторлардағы барлық шошқа басына, сондай-ақ тұқымдық қабандарды, шошқа басын толықтыратын төлді буаздығы мен қысырлығы анықталған ұрғашыларын (топпен күтіп-бағу кезінде) тауарлық өндіріс объектілері мен өнеркәсіптік үлгідегі кешендерде серуендету жүйесінің болуы

1.3-бөлім. Ірі қара мал өсіру жөніндегі субъектілер үшін

28.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналау және олардың диагностикасын қамтамасыз ету

29.

Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы

30.

Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы

31.

"Бәрі бос – бәрі бос емес" технологиялық қағидатын сақтау

32.

Келіп түсу және бір жастық топтан екінші топқа әрбір технологиялық ауыстыру кезінде мал басын диспансеризациялау жүйесін жүргізу

33.

Ірі қара малға арналған серуендету-азықтандыру алаңдарының нормаларын сақтау

34.

Жануарларды күтіп-бағу жөніндегі алаңдарда нөсерлік кәріз жүйесінің болуы, жануарларды терең ауыстырылмайтын төсемдерде күтіп-бағу

1.4-бөлім. Ұсақ мал өсіру жөніндегі субъектілер үшін

35.

Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы

36.

Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы

37.

Мал басының 0,5 %-ы есебімен өндіріс объектісінде ауру жануарларды уақытша күтіп-бағуға арналған бөлек секцияның болуы

38.

Жарып-сою бөлмесінде жануарлар өлекселерін, түсіктерді және шуды жинауға арналған су өтпейтін сыйымдылықтардың болуы

39.

Қойдың инфекциялық ауруы пайда болған жағдайда, ауру толық жойылғанға дейін ауру қойларды (отарларды) басқа отарлардан оқшаулап ұстауға арналған жағдайлардың болуы

1.5-бөлім. Құс өсіру жөніндегі субъектілер үшін

40.

Инкубациялық жұмыртқалар мен құстарды қабылдаған кезде шаруашылықтың құстардың инфекциялық аурулары бойынша саламатты екенін растайтын, құстардың туберкулезге, пуллорозға тексерілген, сондай-ақ Ньюкасл ауруына, шешекке және басқа ауруларға қарсы вакцинацияланған күні көрсетілген құжаттардың болуы

41.

Инкубациялық жұмыртқаның әр партиясына арналған, құстардың жұқпалы аурулары бойынша шаруашылықтың саламаттылығын растайтын ветеринариялық сертификат немесе анықтаманың болуы

42.

Ветеринариялық зертхананы, сою пунктін және дезинфекциялық блокты әкімшілік-шаруашылық аймақта ("В аймағы") орналастыру жөніндегі талапты сақтау

43.

Балапанды өсіру кезінде оның ересек құспен (құстардың барлық түрлерінің) қатынас жасауын болдырмау

44.

Жұмыртқаларды пароформалинмен дезинфекциялауға арналған камерада есептік ауа температурасы + 30 0С градусты құрайды

45.

Құс қоралардың ішіндегі аралық қабырғалар мен қоршаулардың жоғарғы жағына құруға арналған және серуендету орындарындағы торлардың мынадай көлемдерден аспайтын ұяшықтары болуы тиіс:
күнтізбелік 60-70 күнге дейінгі жастағы тауық балапандары және күнтізбелік 120 күнге дейінгі жастағы күркетауық балапандары үшін - 30 х 30 миллиметр (бұдан әрі – мм);
ересек тауықтар мен күркетауықтар үшін, сондай-ақ күнтізбелік 60-70 күннен асқан тауық балапандары және күнтізбелік 120 күннен асқан күркетауық балапандары үшін - 50 х 50 мм

46.

Әрбір жұмыртқалар партиясының инкубациясынан кейін инкубациялық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талапты сақтау, оның ішінде өлген және әлсіз, барабар емес балапандарды, қабықты қақпағы тығыз жабылатын металл жәшіктерге салады және азық етіп қайта өңдеу үшін кәдеге жарату цехына жібереді немесе өртейді

47.

Инкубация алдында және одан кейін инкубаторийді және оның ішінде орналасқан жабдықтар мен мүккәммалды, сондай-ақ қоймалық және қосалқы қора-жайларды дезинфекциялау жөніндегі талапты сақтау

48.

Қоймалық үй-жайларды (жемшөптерге арналған, төсемдер, жұмыртқа қоймасы), жұмыртқаларды сұрыптайтын және өңдейтін цехтарды (ыдыстарды дезинфекциялау пунктімен бірге) өндірістік аймақ қоршауының сызығы бойынша орналастыру

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын (1000 шартты бастан аз) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

49.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені, өлу, бірнеше жануардың бір мезгілде ауыруы жағдайлары туралы хабардар ету

50.

Сатуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын тек етті қайта өңдеу кәсіпорындарында, сою пункттерінде немесе алаңдарында сою жөніндегі талапты сақтау

51.

Шаруашылыққа әкелінген жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы

52.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналау және олардың диагностикасын қамтамасыз ету

53.

Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы

54.

Көң сақтайтын орынды өндірістік ғимараттардың кешен аумағы қоршауының сыртында кемінде 60 м қашықтықта орналастыру

3-тарау. Балық және балық өнімдерін дайындауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін

55.

Технологиялық процестердің ағымдылығын қамтамасыз ету және шикізат пен қалдықтар ағындарының дайын өнім ағындарымен жанасу мүмкіндігін болдырмау

56.

Балық және балық өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

57.

Балықтың кәсіпшілік ауданына тиесілілігі туралы ақпарат бар таңбамен жарақталуы

4-тарау. Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары үшін

58.

Зертханаларда объектінің қуатына байланысты мынадай ғимараттар жинағымен жабдықталуы жөніндегі талапты сақтау:
1) ет және ет өнімдерін, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерін сараптауға арналған (бөлек жұмыс үстелдерінің болуы);
2) балық және балық өнімдерін сараптауға арналған;
3) сүт және сүт өнімдерін, балды, өсімдік шикізатын сараптауға арналған (бөлек жұмыс үстелдерінің болуы);
4) мүкәммалды жууға арналған;
5) конфискатты сақтау үшін тоңазытқыш жабдықтары бар, ет және ет өнімдерін залалсыздандыруға арналған;
6) дезинфекциялау және жуу құралдарын, мүкәммалды сақтауға арналған;
7) персоналға арналған санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар

59.

Ветеринариялық есепке алу (келіп түсетін өнімді, сараптама нәтижелерін, конфискаттарды, реактивтерді есепке алу) мен есептілікті жүргізу талаптарын сақтау

60.

Ет ұшаларын, ет өнімдерін және басқа өнімдерді уақытша сақтау үшін оқшауланған тоңазытқыш камерасының, сондай-ақ ет, ет өнімдерін және конфискаттарды залалсыздандыруға арналған автоклавтың болуы (автоклав болмаған жағдайда, зарарсыздандыруды ашық қазандықта жүргізуге рұқсат етіледі)

61.

Сойылған жануарлардың ұшаларын, ет өнімдерін, балықты, құсты сараптауға арналған жұмыс үстелдері мәрмәр түйіршіктерімен, кафельмен немесе мырышталған темірмен қапталуға тиіс

62.

Ет және ет өнімдеріне сараптама жүргізу үшін ет ұшаларын, ішкі органдарды, басты ілуге арналған арнайы бөлек айлабұйымдармен (қондырғылармен) (ілгіш, ілгек және басқалары) немесе үстелдермен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау

63.

Сүт және сүт өнімдеріне зерттеу жүргізілетін үстелдер мырышталған темірмен немесе тағамдық пластиктермен қапталады

64.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған зертхананың қажетті арнайы зертханалық жабдық түрлерімен, аспаптармен, құралдармен, химиялық реактивтермен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, ветеринариялық таңбалармен және мөртаңбалармен, зертханалық ыдыспен, зертханалық жиһазбен, мүкәммалмен және басқа да көмекші материалдармен қамтамасыз етілуі

65.

Пайдаланылатын химиялық реактивтердің жарамдылық мерзімі мен шығарылған күні көрсетілген таңбаның болуы

5-тарау. Етті және жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта
өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін

66.

Өндірістік үй-жайларда технологиялық жабдықтарды орналастырған кезде айқаспалы контаминацияны болдырмау жөніндегі талапты сақтау

67.

Етті қайта өңдеу объектілерінде ветеринариялық-санитариялық мақсаттағы мынадай жабдықтардың болуы:
1) қайта өңдеу үшін етті және ет өнімдерін, жануарлардан алынатын шикізатты жеткізетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған стационарлық дезинфекциялық жуу пункті немесе алаңы немесе дезинфекциялаушы тосқауыл;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылауға және ветеринариялық-санитариялық сараптауға арналған жабдығы бар, ветеринария саласындағы мамандарға арналған үй-жайлар;
3) етті және сойылған өнімдерді олар қайта өңделгенге дейін уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерасы;
4) сарқынды суды залалсыздандыруға арналған құрылыстар

68.

Мыналарды қамтамасыз ететін технологиялық процеске қойылатын талапты сақтау:
1) шикі және дайын өнімдер ағынының қиылысуы мен байланысуын болғызбау;
2) қайта өңдеу үшін келіп түсетін шикізат пен қосалқы материалдардың ветеринария және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;
3) ілініп тұрған ет ұшаларын еденге, қабырғаға және технологиялық жабдықтарға тигізбеу;
4) қан ағызу, ұшаларды тазарту және жуу учаскелерінде сұйықтықты арнайы еңіс астаушалар арқылы траптарға ағызу;
5) тағам шикізатының (тоңмай шикізаты, ішек-қарын, тағамдық қан, субөнімдер) берілуін бір-бірінен бөлу, оларды санитариялық өңдеу үшін қолжетімді ету;
6) тағамдық емес қалдықтарды ерекше түске боялған және мақсаты туралы жазбасы (таңбасы) бар арнайы ыдысқа жинау;
7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде жарамсыз деп табылған ұшалар мен органдар) бөлек жабдықталған ағызғыштарға немесе ерекше түске боялған, жылжымалы, жабылатын арнайы ыдыстарға жинау;
8) сойылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындаған немесе олар анықталған жағдайда "Тоқта" деген түймешенің көмегімен конвейерді ветеринария саласындағы мамандардың жұмыс орнынан шұғыл тоқтату (технологиялық процесс толық автоматтандырылған жағдайда);
9) ұшалар, субөнімдер және басқа да сойылған өнімдер санитариялық өңделгеннен, ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалғаннан және таңбаланғаннан кейін ғана оларды тоңазытқышқа жіберу;
10) жұмыс орындарына суық және ыстық су жүргізу, ал ішекті сұрыптау (үру) үшін сығылған ауа беру

69.

Етті қайта өңдеу объектісінің ауа температурасын өнім түріне қарай 0 0С-дан 30 0С-ға дейін және ылғалдығын 60%-дан 95%-ға дейін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тоңазытқыш камераларымен және мұздатқыштармен жарақтау жөніндегі талапты сақтау

70.

Шикізат пен өнімдерді сақтауға арналған штабельдерді қабырғалар мен тоңазыту аспаптарынан кемінде 30 сантиметр (бұдан әрі – см) қашықтықта орналастыру және штабельдердің арасында өтетін жолдардың болуы

6-тарау. Жануарлар мен құстарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

71.

Жануарларды өткізу объектісінің аумағына автокөліктің кіреберісінде/шығаберісінде қақпалардың, дезинфекциялық тосқауылы бар бақылау-өткізу пункттерінің болуы

72.

Жануарларды өткізу объектісінің аумағына қаңғыбас ауыл шаруашылығы және ет қоректі үй жануарларының енуін, сондай-ақ келушілердің аумаққа белгіленбеген жерлерден өтуін болдырмауға арналған қоршаудың болуы (жануарларды өткізу объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 м тұтас немесе торлы дуалмен қоршайды)

73.

Түрлері бойынша өткізілетін жануарларды ұстауға арналған орындарда қалқасы, оттығы және суарғышы бар секциялардан тұратын жабдықталған қашалардың болуы

74.

Орталық кәрізге қолданылған суды және орталық кәрізге ағызу алдында сарқынды суларды зарарсыздандыру шайындыларын ағызуға арналған түбі мен қабырғасынан су өтпейтін арнайы шұңқырдың болуы

75.

Кемінде 1 м тереңдікке қазылған тікбұрышты алаң түріндегі уақытша көң сақтау орнын жабдықтау

76.

Көңді кейіннен биотермиялық залалсыздандыру үшін уақытша көң сақтау орнынан апта сайын арнайы орынға шығару жөніндегі талапты сақтау

77.

Жануарларды өткізу объектісінің ветеринариялық пунктінде:
1) жұмыс кабинетінің;
2) жануарларды ветеринариялық қарап-тексеруге арналған ветеринариялық құралдар мен аспаптар жиынының болуы

78.

Таза аймаққа кіретін мынадай міндетті элементтердің болуы:
1) жануарларды өткізу объектісінің аумағында кіреберіс/шығаберіс;
2) жануарларды өткізу объектісінің әкімшілік ғимараты;
3) жануарды сатып алушыларға арналған қатты жабынды қашалар секцияларының бойында тротуары бар қарау алаңы

79.

Лас аймаққа кіретін мынадай міндетті элементтердің болуы:
1) автокөліктің кіруіне және шығуына арналған қақпа;
2) жануарларды өткізу объектісіне жануарларды өткізу үшін әкелетін жануарлар иелеріне арналған кіреберіс және шығаберіс;
3) дезинфекциялық заттарды сақтауға арналған қойма;
4) жемшөп сақтауға арналған орын;
5) жануарларды тасыған көлік құралдарына арналған уақытша тұрақ;
6) пандус басқышы және тасып әкелінген немесе айдап әкелінген жануарларды түсіруге арналған кіреберісі бар жинақтаушы қаша;
7) пандус басқышы және сатып алынған жануарларды тиеп жөнелтуге немесе шығаруға арналған шығаберісі бар жинақтаушы қаша;
8) ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстауға арналған оқшаулағыш;
9) ветеринариялық пункт;
10) жануарларды түрлері бойынша өткізу үшін орналастыруға арналған қашалар секциялары

80.

Объектіде аумаққа әкелінетін және одан әкетілетін жануарлардың қарсы қозғалысын болдырмауды қамтамасыз ететін жануарлар, персонал және келушілер қозғалысының ағындығы қағидатын сақтау

81.

Өткізілетін жануарларды түрлері бойынша күтіп-бағуға арналған қалқасы, оттығы және суарғышы бар қашалардың болуы

82.

Жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру және ілеспе құжаттарын тексеру үшін жануарларды қозғалтпай ұстап тұратын арнайы станокпен жабдықталған жинақтағыштың және өткелектің болуы

83.

Жануарларды сату объектісінде базар әкімшілігі бекіткен көңнен, қоқыстан тазарту, сондай-ақ дезинфекциялау кестесінің болуы

84.

Жануарларды өткізу объектісіне келіп түсетін жануарлар туралы мәліметтерді (өткізілетін жануардың иесі, жеке нөмірі, жасы, түсі, түрі, жынысы, ветеринариялық байқау нәтижелері) тіркеудің арнайы журналын, оларды кейіннен дерекқорға енгізе отырып жануарларды өткізу объектісінің ветеринария саласындағы маманы жүргізеді. Журнал нөмірленген, тігілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық дәрігерінің мөрімен және қолымен бекемделген болуы тиіс талабын сақтау

85.

Ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстайтын оқшаулағыштың болуы

86.

Оқшаулағышқа кіреберісте дезинфекциялық төсеніштің болуы

87.

Жануарларды ұстайтын қашаларда дренаж каналдары жағына кемінде 30-60 еңістің болуы. Дренаждық каналдар қазылған шұңқырға қарай кемінде 30-50 еңіс етіп жасалады

88.

Норманы сақтай отырып, жануарларды қашаларға орналастыру талаптарын сақтау:
1) ірі жануарлар (түйелер, жылқылар, ірі қара малдар) үшін – бір жануарға кемінде 3 шаршы метр (бұдан әрі – м2);
2) ұсақ жануарлар (қойлар, ешкілер, шошқалар) үшін – бір жануарға кемінде 1,7 – 2 м2

89.

Жануарларды өткізу объектісінің аумағында қалқасы мен бетондалған едені бар, есігі бар, тығыз материалмен қоршалған жемшөптерді сақтауға арналған орынның болуы

90.

Оқшаулағышта оттық пен суарғыштың болуы

7-тарау. Жануарларды союды жүзеге асыратын субъектілер үшін

91.

Ветеринариялық есепке алу журналының болуы және жүргізілуі

92.

Жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары бойынша саламатты, міндетті бірдейлендіру рәсімінен өткен және ветеринариялық құжаттары бар, аумақтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден әкелінген жануарларды союға қабылдау жөніндегі талапты сақтау

93.

Бөгде адамдар мен қаңғыбас жануарлардың өндіріс объектілерінің аумағына бақылаусыз кіруін болдырмайтын, тұтас қоршаудың болуы

94.

Өндіріс объектілерінің аумағында мыналардың:
1) шикізатты, дайын өнім мен қалдықтарды тасу жолдарының;
2) ветеринариялық қарап-тексеруден кейін сою алдындағы ұстауға жіберілетін сау жануарларды тасу жолдарының санитариялық блокқа жіберілген ауру немесе ауру бойынша күдікті жануарлардың орын ауыстыруы;
3) дайын азық-түлік өнімдерін жануарлармен, көңмен, өндіріс қалдықтарымен қиылыспай тасымалдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылыстар мен құрылғыларды орналастыру

95.

Объектінің аумағына кіреберісте (шығаберісте) көліктің қозғалмалы бөлігін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы тосқауылдың болуы

96.

Жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілері (сою алаңынан қоспағанда) тиісінше жарақталуы:
1) стационарлық дезинфекциялық жуу пунктімен немесе жануарларды союға әкелетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған алаңдармен немесе автокөлікке арналған дезинфекциялаушы тосқауылмен;
2) ветеринария саласындағы мамандар үшін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылауға және ветеринариялық-санитариялық сараптауға арналған жабдықтары бар үй-жайлармен;
3) жануарларды орналастыруға арналған орындармен, жануарларды ветеринариялық қарап тексеруге арналған өткелектермен;
4) санитариялық қасапханамен (кәдімгі өндірістік цехтардағыдай, бірақ мөлшері едәуір шағын, ет пен субөнімдерді стерильдеуге арналған бөлімшесі бар үй-жаймен) немесе ауру немесе әлсіз жануарларды оқшаулап өңдеуге арналған санитариялық камерамен (ғимарат ішінде орналасқан бөлек үй-жаймен);
5) карантинге арналған үй-жайлармен (байқау және қажет болған жағдайда диагностикалық зерттеу мақсатында жануарлар басқа жануарлармен араластырылмай (тікелей немесе жанама) оқшау ұсталатын орындарымен) және оқшаулағышпен (ауру жануарларды орналастыру үшін мал сою объектісінің аумағында оқшауланған үй-жаймен);
6) ет пен сойылған өнімдер өңделгенге дейін олардың уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерамен;
7) сарқынды суды жинауға арналған бетондалған шұңқырмен (септикпен) және зарарсыздандыруға арналған құрылыстармен;
8) жануарларды союдың алдында ұстауға арналған ғимараттармен (қалқалармен) (сойылатын жануарларды қабылдау, орналастыру, ветеринариялық тексеру, сұрыптау және сойылатын жануарларды тынықтыру үшін жануарларды сою объектісінің аумағындағы оңашаланған үй-жаймен (алаңмен));
9) тұрмыстық үй-жайлармен және киімді санитариялық өңдеуге арналған дезинфекциялау камерасымен;
10) көң мен қан-жынды жинауға және уақытша сақтауға арналған алаңмен;
11) жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерімен немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасымен жарақталады

97.

Карантиндік үй-жай мен оқшаулағыштан қи, төсем мен жемшөп қалдықтарын жинау және жиып қою үшін санитариялық блоктың аумағында орналасқан, жануарларды сою объектісінің өндірістік қуаты ескеріле отырып, кемінде алты тәулікке есептелген бетондалған учаскенің болуы

98.

Қан-жынды жинау үшін бетондалған алаңқайға орналастырылатын, қақпағы тығыз жабылатын арнайы ыдыстардың (контейнерлердің) болуы

99.

Сою объектісінен тыс жерде кәдеге жаратылуға немесе жойылуға тиіс өлекселер, қи, қалған-құтқан төсеніш, жемшөптер, қалдықтарды апаратын жабулы шанағы бар автокөліктің болуы

100.

Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар мен ашық қораларда қатты жабының болуы

101.

Еттің ластануын болдырмау үшін технологиялық операциялардың кеңістікте және уақыт жағынан бөлінуі:
1) естен тандыру және қанын ағызу;
2) шошқаға қатысты: қайнаған сумен күйдіру, қылшықтан тазарту, қыру және үйіту;
3) ішегін ақтару (сойылған жануардың ұшасын мүшелеген кезде іш және көкірек қуыстарынан ішкі органдарды шығару) және кейіннен мүшелеу;
4) тазартылған қарын мен ішектерді өңдеу;
5) союдың басқа жанама өнімдерін өңдеу және жуу, атап айтқанда, сою желісінде жүргізілмеген болса, бастың терісін сыпыру;
6) союдың жанама өнімдерін буып-түю;
7) етті тиеп жөнелту

102.

Барлық өндірістік үй-жайларға кіреберісте толық гигиеналық өңдеу модульдерінің болуы

103.

Жануарларды сою объектісінде ұсақ мүкәммалға (пышақ, мусаттар және басқаларына) арналған стерилизаторлардың болуы

104.

Неғұрлым ірі мүкәммалды, айналым ыдыстары мен көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау үшін жуу машиналарының немесе дезинфекциялаушы ерітіндімен, ыстық және суық сумен жабдықталған үй-жайлардың болуы

105.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілетін жерлерде ветеринариялық конфискаттарды жинауға арналған бөгде адамдардың санкциясыз қол жеткізуіне жол берілмейтін, басқа жабдықтан түсі өзгеше және олардың мақсаты туралы жазуы бар контейнерлердің болуы

106.

Жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектісінде (сою алаңында) тиісті жабдықтардың болуы:
1) жануарларды сою алдында ұстау және қарап тексеру мақсатында жануарларды орналастыруға арналған қаша (алаңқай), сондай-ақ жануарларды сою объектісінің өндірістік қуатын ескере отырып, экскременттерге арналған арнайы жабдықталған орын;
2) жануарларды сою объектісінің өндірістік қуатын ескере отырып:
оңай тазаланатын және дезинфекцияланатын, су ағызуды жеңілдететіндей түрде бейімделген, жабынның астынан су бұратын ормен және арықтармен әрі сарқынды суды жинау және зарарсыздандыру үшін бетондалған шұңқырмен (септикпен) жабдықталған су өткізбейтін еден жабынымен;
тегіс, оңай жуылатын материалдармен қапталған немесе 3 м биіктікке дейін боялған, бұрыштары мен шығып тұрған жерлері дөңгелектелген қабырғамен;
желдетумен және жылытумен;
түсті бұрмаламайтын табиғи немесе жасанды жарықтандырумен;
қанын ағызуды, терісін сыпыруды, ішкі органдарды шығаруды және ұшалар мен ішкі органдарды сойылғаннан кейін қарап тексеру жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ұшаны іліп қоюға арналған, ұшалардың еденге, қабырғаға, технологиялық жабдыққа тиюін болғызбайтын құралмен;
пышақтарды (кемінде екі), ілгектерді, құралдарды (фонендоскоп, термометр, плесиметр, бюкс) зарарсыздандыруға арналған стерилизатор, қолды өңдеуге арналған дезинфекциялағыш құралдары бар кеспек, арнайы киім бар ветеринар дәрігерге арналған орынмен;
сарқынды суды жинау және зарарсыздандыруға арналған жабық шұңқырмен (септикпен);
асқазан мен ішектерді босатуға және тазартуға бейімделген орынмен;
ілмекті жолдардың астынан ұшалардың қанын ағызу учаскелерінде қан жинауға арналған тұғырлықтармен;
персоналға арналған қолжуғышпен, бір реттік қол орамалмен (қол жууға арналған дезерітінділермен);
тот баспайтын материалдардан жасалған, оңай тазартылатын және дезинфекцияланатын құралдармен және жұмыс жабдығымен, ветеринариялық конфискаттарға арналған контейнермен жасақталуға тиіс бауыздауға арналған үй-жай болуға тиіс

107.

Сою объектісінің аумағынан тыс жерде қи мен сығылған қан-жынды биотермиялық зарарсыздандыруға арналған арнайы бөлінген алаңда бетондалған алаңқайдың болуы

108.

Ұшалардың қанын ағызу учаскелерінде ілгекті жолдардың астынан техникалық қанды жинау үшін оңай жуылатын және дезинфекцияланатын материалдармен қапталған және қанның траптарға ағуы үшін еңістелген тұғырлықтар немесе қанның ағызу үшін астаушаның болуы

109.

Жануарларды бауыздау мен терісін сыпыру аймақтары мүшелеу және ішкі органдарды өңдеу аймағынан биіктігі кемінде 2 м қалқаның болуы

110.

Шошқаларды сойған кезде күйдіру, қылшығын алу, тазарту және үйіту үшін сойылған жерден кемінде 5 м ашық кеңістікпен бөлінген немесе биіктігі кемінде 3 м қалқамен қоршалған арнаулы орынның болуы

8-тарау. Жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

111.

Өндірістік үй-жайларға кіреберістерде аяқ-киім тазалайтын тордың, күнделікті тазаланатын қоқыс жинайтын жәшіктің болуы

112.

Жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

113.

Күрделі жинау жүргізу үшін 6 айда кемінде бір рет санитариялық күндер өткізу жөніндегі талапты сақтау және барлық үй-жайларға, жабдықтарға дезинфекция, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жүргізу жөніндегі актілердің болуы

114.

Ет-балық және басқа азық қалдықтарын тасымалдауға арналған жабдықты күнделікті тазарту және дезинфекциялау жөніндегі талапты сақтау

115.

Азық қалдықтарын өңдеуге арналған оқшауланған үй-жайдаң болуы

116.

Өндірістік үй-жайларда қалдықтарды сондай-ақ технологиялық процестерде пайдаланылмайтын құрал-сайман мен жабдықты сақтауға тыйым салу жөніндегі талаптарды сақтау

117.

Өңдеуші өндіріс қалдықтарын сақтау үшін жарақталған жабық резервуарлы қойма ғимараты немесе қоршалған ашық жинақтардың (алаңқайлардың) болуы

118.

Құрама жемшөп өндіретін ұйымдарда сусымалы шикізатты (бидай, кебек, ұнтақ) сақтау үшін сүрлемдік (бункерлік) немесе едендік үлгідегі қоймалардың болуы

9-тарау. Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар үшін

119.

Жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі талапты сақтау

120.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы мәліметтерге сәйкес келетін жеке нөмірлері көрсетілген вакцинация, аллергиялық зерттеулер, дауалау жүргізілген жануарлар тізбесі актілерінің болуы

121.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі ұйымдаға қойылатын талаптарды сақтау:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу орнын және уақытын айқындайды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;
3) жануарға жеке нөмір береді;
4) дерекқордың жүргізілуін жүзеге асырады (дерекқорға деректер енгізу);
5) жануар иесіне ветеринариялық паспорт береді

122.

Биологиялық материалдардан сынама алып ветеринариялық зертханаға жеткізу жөнінде талаптардың сақталуы

123.

Көшірмелері мен түбіртектері үш жыл сақталуға жататын, берілген ветеринариялық анықтамалардың есептілігінің болуы және оларды беру тәртібін сақтау

124.

Жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті санының болуы:
1) ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы;
2) инесіз инъектор;
3) термочемодандар;
4) жаппай екпе жасауға арналған аппарат (металдан жасалған);
5) кутиметр;
6) ұнтақ беру құрылғысы (дәрі-дәрмек үшін);
7) бұқаға арналған мұрын сақинасы;
8) қайшылар;
9) мақта (зарарсыздандырылмаған);
10) ветеринариялық термометр

125.

Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштың және хладагенті бар термосыйымдылықтың (мөлшері 100x100x200 см көп емес), сондай-ақ металл шкафтың болуы

126.

Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған және бүкіл сақтау мерзiмi ішінде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін мамандандырылған қойма үй-жайларының болуы

127.

Ветеринариялық препараттардың қозғалысын есепке алудың болуы, үй-жайдың температурасы мен ылғалдылығына бақылау жүргізу, сондай-ақ үй-жайларды жинау және өңдеу

128.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомостердің болуы

129.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың қажетті ең аз тізбесімен қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтау:
1) суық және ыстық таңбалауды жүргізуге арналған аппарат;
2) сырғалауды жүргізуге арналған аппарат;
3) өздігінен желімдейтін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер;
4) жануарлардың жеке нөмірлерін санауға арналған сканер;
5) аспаптарға, құралдарға және атрибуттарға арналған сөмке

130.

Дезинфекциялау қондырғысы бар автомашиналардың (сыйымдылығы 500-600 литр) болуы

131.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға арналған тұзақ құралдарының болуы және оларды аулау және жою талаптарының сақталуы

132.

Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес ұстау жөніндегі талаптарды сақтау:
1) биіктігі 2,5 м, ұзындығы 6 м, ені 3 м болатын қалқа;
2) жануарлардың өлекселерін союға, дезинфекциялаушы құралдарды, мүккәмалды, арнайы киімдерді және құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жай;
3) шұңқырдан шығарылған диаметрі 25 см және биіктігі 3 м мұржа;
4) биіктігі 2 м кем емес кіру қақпасы бар дуал;
5) дуалдың ішкі жағынан тереңдігі 0,8-1,4 м және ені 1,5 м кем емес қазылған ор;
6) екі қабаттан жасалған шұңқырдың жабыны;
7) көпір

133.

Ветеринариялық есепке алу журналдарының болуы және толтырылуы:
1) ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журнал (ветесеп, № 1-вет нысан);
2) жануарлардың ауруларын тіркеуге арналған журнал (ветесеп, № 2-вет нысан)

134.

Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған аспаптармен құралдардың ең төменгі қажетті санымен қамтамасыз етілуі (жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызмет көрсету кезінде) жөніндегі талапты сақтау:
1) ұрықтандырушы техниктің чемоданы (жинақталған);
2) микроскоп;
3) Дьюар ыдысы, 35 литр;
4) Дьюар ыдысы, 6 литр

10-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері үшін

135.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізу) ұйымдастыру жөнінде талапты сақтау (ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда)

136.

Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы

137.

Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда зерттеу жүргізу туралы эпизоотологиялық зерттеу актісінің болуы

138.

Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру

139.

Энзоотиялық және жануарлардың басқа ауруларын сонымен қатар, уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларына диагностика жүргізу үшін биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу, профилактика бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуына ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

140.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспорттарды жасау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөнінде талапты сақтау

141.

Ішкі сауда объектілерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

142.

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен айналысатындарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

143.

Ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

144.

Экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

145.

Экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

146.

Тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

147.

Экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы

148.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтау

149.

Жүргізу мерзімін көрсете отырып ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау

150.

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының бекітілген тізбесінің болуы

151.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі талапты сақтау

152.

Ветеринариялық есептілік журналдарының болуы және толтырылуы

153.

Көшірмелері және түбіртектері үш жыл сақталуға жататын берілген ветеринариялық-санитариялық қорытындылар есебінің болуы

154.

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу ұйымдарына есептік нөмір беру тәртібін сақтау

11-тарау. Сүтті қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін

155.

Жол құжатында сүт автоцистерналарын сүттен әрбір босатылғаннан кейін жуу және дезинфекциялау, кейіннен оларға пломба салу туралы белгінің болуы

156.

Сүтті қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

157.

Сүтке арналған ветеринариялық анықтамалардың болуы

158.

Шлангілер мен түтікшелерді өңдеуге арналған жуу және дезинфекциялау ерітінділерін сақтау үшін арнайы таңбаланған сыйымдылықтардың болуы

12-тарау. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

159.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органында ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы

160.

Ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларды және жабдық жиынтығын иеленуге;
штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша жұмыскерлер ұстауға (заңды тұлғалар);
ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломға ие болуға (жеке тұлғалар) міндетті

161.

Жиып қою аймағында:
1) әртүрлі санаттағы материалдар мен өнімді (бастапқы шикізат және буып-түю материалдары; аралық, өлшеп оралмаған және дайын өнім; карантиндегі өнім; шығаруға рұқсат берілген, кейінге қалдырылған, кері қайтарылған немесе қайтарылып алынған өнім) тиісінше сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрдегі сыйымдылықты көздейді;
2) жиып қою аймағын ұйымдастыру барысында тиісінше сақтау жағдайларын көздеу қажет. Жиып қою аймақтары таза және құрғақ болуы керек, онда қажетті температуралық режим қамтамасыз етілуі тиіс. Қажет болған жағдайда, арнайы сақтау жағдайларын (температура, ауа ылғалдылығы) және оларды бақылауды қамтамасыз ету керек;
3) материалдар мен өнімді қабылдау мен беру аймақтарында олардың қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғалуы қамтамасыз етілуі тиіс;
4) егер карантин режимі өнімді бөлек аймақтарда сақтаумен қамтамасыз ететін болса, онда ол аймақтар нақты белгіленуі тиіс;
5) бастапқы материалдар сынамаларын іріктеуді жекелеген аймақта орындайды. Сынамаларды қойма аймағында іріктеу кезінде тікелей және қиылысқан ластанудың алдын алатын шаралар қабылдануы тиіс;
6) жарамсыз деп танылған, қайтарылып алынған немесе кері қайтарылған материалдарды сақтау үшін оқшауланған аймақтар көзделеді;
7) әсері қатты заттар мен препараттар қауіпсіз және күзетілетін үй-жайларда сақталуы тиіс;
8) ветеринариялық препараттың сәйкестігін растаудағы маңызды рөліне байланысты таңбаланған орама материалдарының сенімді және қауіпсіз сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс;
9) жартылай фабрикаттарды, жекелеген ингредиенттерді анық көрінетін таңбасы – өнімнің атауы, жасалған күні, қоймаға келіп түскен күні бар, жауапты адамның қолы қойылған арнайы контейнерлерде сақтау керек. Дайын өнім контейнерлерде немесе стеллаждарда тиісті таңба жасалған тауарлық орамада сақталуы тиіс;
10) қоймалық үй-жайларда үй-жайдағы температура мен ылғалдылыққа тұрақты түрде бақылау, ветеринариялық препараттардың қозғалысын есепке алу, сондай-ақ үй-жайларды жинау мен өңдеу жүргізіліп отыруы тиіс;
11) ветеринариялық препараттарды сақтау және тасымалдау ветеринариялық препараттарды қолдану (пайдалану) жөніндегі басшылықта көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі

162.

Дезинфекциялық тосқауылсыз өндіруші аумағына көліктің кіруіне/шығуына жол бермеу жөніндегі талапты сақтау

163.

Ветеринариялық препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын ғимараттарда техникалық мақсаттағы уды (пестицидтер мен гербицидтерді) өндіруге жол берілмеу

164.

Ветеринариялық препараттарды өндіруге арналған жабдықтар мен үй-жайлар өз мақсатында ғана пайдаланылады, онда басқа өнімді дайындауға жол берілмейді

165.

Пайдалану мерзімі өтіп кеткен немесе пайдалануға жарамсыз таңбалау немесе бастапқы орама материалдарын жою туралы хаттамалардың болуы

166.

Өндірістік бақылау бөлімшесінің дайын өнімнің нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні туралы зерттеу нәтижелері алынғаннан кейін дайын өнімді қоймаға сақтауға жол беріледі

167.

Ветеринариялық препараттарды оларды сақтау мерзімі өтіп кеткеннен кейін жою жөніндегі актілердің болуы

13-тарау. Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

168.

Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

169.

Өңірлендіруге сәйкес ауыл шаруашылығы және үй жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларынан, сондай-ақ соңғы 3 айда шаруашылық аумағында америкалық шірімеден, еуропалық шірімеден, нозематоздан таза шаруашылықтардан (омарталардан) және әкімшілік аумақтан табиғи бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін айналымға жіберу туралы ветеринариялық анықтамалардың болуы

170.

Балдың және бал ара шаруашылығы өнімдерін физикалық-химиялық қасиеттері бойынша сараптау актісінің (сынақ хаттамасының) болуы

171.

Омарталарды құрғақ, күн сәулесімен жарықтандырылған, желден қорғалған, тас және темір жолдарына, ағаш кесу орнына, жоғары кернеулі электр беру желілеріне 500 м жақын емес және кондитерлік, химия өнеркәсіп кәсіпорындарынан, әуеайлақтардан, әскери полигондардан, радиолокациялық, радио-телетаратушы станциялардан және өзге де микротолқынды сәуле көздерінен 5 километр (бұдан әрі – км) қашықтықта орналастырады

172.

Аралар әртүрлі түске боялған (көк, ақ, сары) ақаусыз ара ұяларында ұсталады

173.

Стационарлық омарта аумағына арналған шарбақтың болуы

174.

Көшпелі омарталарды бал жинау көздерінен бір-бірінен кемінде 1,5 км және стационарлық омарталардан 3 км қашықтықта орналастыру

175.

Омартаны тиісінше ветеринариялық-санитариялық жай-күйде ұстау, үстіне омарталық үйшіктер (көшпенді дүңгіршектер) орналастыру, жеке гигиена мен дезинфекциялау заттарымен және құралдарымен (сутегі тотығы және басқалары) қамтамасыз ету, дезинфекциялау алаңқайларымен, жабық шұңқырмен (сарқынды суға арналған), омарташыға арналған дәретхана жайларымен жабдықтау

14-тарау Ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

176.

Жеке және заңды тұлғалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабарламасының болуы

177.

"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша жұмыскерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті

178.

Дайындаушы белгілеген ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау шарттарын сақтау

179.

Жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға жол бермеу жөніндегі талапты сақтау

15-тарау. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын субъектілері үшін

180.

Өндіріс объектісінде есептік номердің болуы

181.

Объектінің аумағына кіреберісте (шығаберісте) көлік құралдарының қозғалыс бөлігін залалсыздандыру үшін дезинфекциялық тосқауылдың болуы

182.

Өндіріс объектіндегі персоналдың кіру (шығу) орындарында дезинфекциялау төсемдері бар санитариялық өткізгіштің болуы

183.

Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауға арналған сақтау объектілерінің үй-жайларында жануарлардан алынатын техникалық шикізатты (оның ішінде теріні, жүнді, мамықты, түбітті, қауырсынды, эндокриндік және ішек-қарын шикізатын, сүйектерді, шикізаттың басқа түрлерін), жемшөп пен жемшөп қоспаларын, зоология, жануарлар анатомиясы мен палентологиясы бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттарын бірге орналастыруға жол бермеу

184.

Арнайы сақтау талаптары бар жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауға арналған үй-жайлар мен жабдықтардың осы өнімді сақтау талаптарын бақылауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақталуы

185.

Сақтауға түсетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты олардың қауіпсіздігін, шығу тегін және сапасын растайтын ветеринариялық ілеспе құжаттармен бірге қабылдау жөніндегі талапты сақтау

186.

Өндіріс объектілерінің және технологиялық үй-жай аумағына санкциясыз бөгде адамдар мен қаңғыбас жануарлардың, синантропты құстардың өтуіне жол бермейтін тұтас қоршаудың болуы

16-тарау. Жануарларды ғылыми мақсаттарда күтіп-бағу мен өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

187.

Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын тек ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пунктерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою жөніндегі алаңдарда сою жөніндегі талапты сақтау

188.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және оларға ветеринариялық паспорттар ресімдеу

189.

Шаруашылыққа келіп түсетін жануарлардың әрбір партиясына ветеринариялық сертификаттардың немесе ветеринариялық анықтамалардың болуы

190.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналау және олардың диагностикасын қамтамасыз ету

191.

Жануарларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлар мен қоршалған ашық қашалар көңнен тазартылуы тиіс

17-тарау. Жемшөп және жемшөп қоспаларды сақтау мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

192.

Аумақ пен үй-жайларды таза ұстау жөніндегі талаптарды сақтау және дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу жөніндегі актілердің болуы

193.

Жемшөп пен жемшөп қоспаларының, сондай-ақ өңдеуге, сақтауға және өткізуге түсетін өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін, шығу тегін және сапасын растайтын ветеринариялық құжаттардың болуы

194.

Қоймалық үй-жайлардың технологиялық процес ағындылығын қамтамасыз етуін ескере отырып орналастырылуы және шикізат пен қалдықтар ағынының дайын өнім ағынымен қиылысу мүмкіндігін болдырмау

195.

Сақтаудың шарттарын орындау (белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде):
1) буып-түйілген жемшөпті, жемшөп қоспаларын қат-қататтарда, төсеніште және сөреде сақтауды жүзеге асыру жөніндегі;
2) жемшөп пен жемшөп қоспаларын жанар-жағар май материалдары мен ерекше иісі бар тамақ өнімдерімен бірге сақтауға жол бермеу жөніндегі;
3) өңдеуден өткен жемшөп пен жемшөп қоспаларының өңделмеген өніммен бірге сақталуына жол бермеу жөніндегі;
4) араласпауы үшін құрамында ветеринариялық препараттары бар жемшөпті басқа жемшөптен бөлек сақтау жөніндегі;
5) химиялық тыңайтқыштар, пестицидтер және басқа да жемшөпте пайдаланылмайтын заттарды өндіру процесінде қателесіп пайдаланудың алдын алу және олардың ластануына жол бермеу үшін жеке сақтау жөніндегі;
6) жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау режимін сақтауға қажетті белгілі температураны ұстау үшін қоймаларды жылыту жүйесінің болуы

196.

Жарамсыз өнімді (ораманың зақымдануы, дұрыс тасымалдамау салдарынан сапаның төмендеуі, жарамдылық мерзімінің өтуі және басқа) уақытша сақтау үшін (кәдеге жаратуға немесе жоюға дейін) қоймалық үй-жайда "сәйкес емес өнім" деп көрсетілген жеке орынның болуы

18-тарау. Зообақтар, зоодүкендер және цирктер үшін

197.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарларды уақтылы вакцинациялау және олардың диагностикасын қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтау

198.

Объектідегі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету және олардың ветеринариялық паспорттарының болуы

19-тарау. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

199.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламасының болуы

200.

Дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға, жабдық жиынтығына және техникаға ие болуға;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша жұмыскерлерге ие (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломға ие болуға (жеке тұлғалар) міндетті

201.

Дайындаушы белгілеген ветеринариялық препараттарды сақтау жөніндегі талаптардың сақталуы

202.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген) бекітілген Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларына сәйкес толтырылған дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу жөніндегі актінің болуы

203.

Ветеринариялық зертхананың дезинфекциялау сапасын айқындау жөніндегі зерттеулерінің нәтижелері

      Ескертпе: *(А аймағы) – негізгі табынды ұстауға және өнім өндіруге арналған қора-жай, мал туғызатын бөлім, жаңа туылған төлдерге арналған профилакторий, төлдерді және мал басын толықтыратын табынды ұстауға арналған қора-жай, жануарларды қолдан ұрықтандыратын пункт (құс фабрикаларын қоспағанда), оқшаулағыш және карантиндік бөлімше (басқышы бар қаша, жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған өткелек), жемшөп қоспаларын дайындау жөніндегі жемшөп цехы;

      (Б аймағы) – қызмет көрсетуші персоналға арналған санитариялық өткізу орны бар ветеринариялық-санитариялық блок;

      (В аймағы) – әкімшілік-шаруашылық;

      (Г аймағы) – жемшөп сақтау;

      (Д аймағы) – көңді сақтауға арналған оқшауланған орын.

      Лауазымды адам (дар):

      _________________            ______________      _______________________________________

      (лауазымы)                        (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) басшысы

      _________________            ______________      _______________________________________

      (лауазымы)                        (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады