"Облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № А-10/378 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 6091 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/499 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3382 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2011 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 49-жолы келесі редакцияда жазылсын:

      "

49

КС-49

Ақмол – Нұресіл – Талапкер

23

                                                                               ";

      реттік нөмірі 54-жолы алынып тасталсын;

      "2665" цифрлары "2661" цифрларына ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Акмола облысы әкімінің орынбасары В.Л.Крыловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің
төрағасы
М.Пішембаев

      2017 жылғы 6 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады