Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылы әкімінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте № 6069 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылы әкімінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылы әкімінің 13.04.2018 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 01-10-138 ұсынысы негізінде, Бірсуат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірсуат ауылы әкімінің
міңдетін атқарушы
М.Погосян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады