Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 6С-13/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 сәуірде № 5891 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 6С-25/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, 2013 жылғы 10 қазанда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімімен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:

      2 бөлімнің 8 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      ең төмен зейнетақы алатын және жасы бойынша мемлекеттік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);

      оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге;

      Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.";

      2 бөлімнің 9 тармағы:

      келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) ағымдағы қаржы жылына қарастырылған сомалар шегінде, мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалар түрінде.

      Санаторлық-курорттық емдеуден өту мерзімі 10 күнді құрайды. Санаторлық-курорттық емделуге құқық өтініш берген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде күнтiзбелiк жылда бір реттен аспайтындай беріледі. Санаторлық-курорттық емдеуден өту орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын төлеу санаторлық-курорттық емдеуді алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Өтiнiш берушi санаторлық-курорттық емдеуден өз қалауы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтаруға және кезектілікке сәйкес басқа өтiнішкерге беруге жатады;";

      келесі мазмұндағы 8) тармақшамен:

      "8) мүгедектігі жоқ, қайтыс болған Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
XIII сессиясының
төрайымы
Г.Хамзина
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

      28 наурыз 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады