Благодар ауылдық округінің Бекқұл баба ауылы аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын алып тастау және Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 6 "Благодар ауылдық округінің Бекқұл баба ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 20 сәуірде № 5456 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 5-2/140 санды ұсынысы негізінде, Благодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Благодар ауылдық округінің Бекқұл баба ауылы аумағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 6 "Благодар ауылдық округінің Бекқұл баба ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2016 жылдың 04 шілдеде № 4977 тiркелген, 2016 жылдың 09 шілдеде "Ақтөбе" газетінде, 2016 жылдың 08 шілдеде "Актюбинский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Благодар ауылдық округінің әкімі Б.Дарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады