Шектеу іс-шараларын алу және Қурайлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 5795 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекция басшысының 2017 жылғы 07 желтоқсандағы № 5-2/677 ұсынысы негізінде, Қурайлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі Георгиевка ауылындағы Ақтөбе көшесі бойынша ұсақ мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринарлық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылдың 19 қыркүйектегі № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5657 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қурайлы ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Шалабаевқа жүктелсін.

      Қурайлы ауылдық округінің әкімі М.Ш.Тұрмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады