Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 5612 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі әкімінің 13.03.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) қағидалардың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) 1098, 1099 тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 11-3/394 ұсынысы негізінде Хазірет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі Хазірет және Жездібай ауылдары тұрғындарының ірі қара малдары табынының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады