Шектеу іс-шараларын алу және Хазірет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 29 наурызда № 3-8-164 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 2-11-3/40 ұсынысы негізінде, Хазірет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округінің Хазірет және Жездібай ауылдары тұрғындарының ірі қара малдары табынының арасында бруцеллез ауруы бойынша шектеу шаралары алынсын.

      2. Хазірет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5612 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамыздағы "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хазірет ауылдық округінің әкімі М. Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады