Шектеу іс-шараларын алу және Талдысай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 21 "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі Еңбек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 шілдеде № 4560 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 11-26/103 ұсынысының негізінде Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінің Еңбек ауылы аумағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 21 "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі Еңбек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5109 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдысай ауылдық округінің әкімі К. Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады