Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 тамызда № 5639 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округінің әкімінің 14.03.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 15-4/291 ұысынысы негізінде Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Абай ауылдық округі Қызыл Еңбек нүктесінде орналасқан "Жантизер" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс – шаралар белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауылдық округінің әкімі Н. Жумагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады