Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 05-16/126 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 мамырда № 5854 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 221 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 23.04.2018 № 221 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен Жаңақорған ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері 30 (отыз) пайызға жоғарылатылсын.

      2. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 309 "Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5207 нөмірімен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінде 2015 жылы 14 қарашада жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 08.08.2017 № 05-16/150 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Жаңақорған аудандық Жаңақорған аудандық
      мәслихатының кезекті ХІV мәслихатының хатшысы
      сессиясының төрағасы
      Р.Құтыбаев Е.Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады