Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 8/94 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 3304 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 13/105 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 13/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 76 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2286 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2013 жылғы 15 тамызда № 33 (544) жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

      1 тармақта 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган – "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган);";

      7 тармақта:

      тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушынының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауыл әкімдерінің анықтамасы;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Нұғманов).

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.Көшенов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
А. Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

      хал актілерін тіркеу бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Сәрсенғали Маркс Тайырұлы

      13 наурыз 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады