Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қарашада № 7322 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 387 ұсынысы негізінде Диев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Диев ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 3 "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6861 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 наурызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Диев ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушысы Ж. Алтынсарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ Д.А. Ахметжанова

      2017 жылғы 31 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Әулиекөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ А. Т. Тайшибаев

      2017 жылғы 31 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау

      Министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Әулиекөл аудандық

      қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Е. Г. Дуйсенов

      2017 жылғы 31 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады