Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 18 "Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 133 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 7426 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022 жылғы 9 маусымдағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.06.2022 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 18 "Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4546 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрайымы
К. Амантаева
      Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы Денисов ауданы

      Аршалы ауылдық округінің әкімі

      ___________________ Б. Досумов

  Мәслихаттың
2017 жылғы 30 қарашасындағы
№ 133 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 18 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің Аршалы ауылының тұрғындары үшін

35

Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің Георгиевка ауылының тұрғындары үшін

20

Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің Набережное ауылының тұрғындары үшін

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады