Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинское ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 мамырда № 7071 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 13.09.2017 №7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 20.07.2017 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндеттерін атқарушының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 01-20/33 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Сарыкөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша)анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі және 2017 жылғы 24 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Комсомол ауылдық округінің әкімі З. Төлеубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Сарыкөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Е. Қ. Құрманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау департаментінің

      Сарыкөл аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________________ С. С. Ибраева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________________ Ш. Ж. Сатубалдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады