Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 8 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 7354 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 23 қазандағы № 01-20/159 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 5 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7070 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комсомол
ауылдық округінің әкімі
Р. Шәріпов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Сарыкөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ Е.Қ. Құрманов

      КЕЛІСІЛД

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау департаментінің

      Сарыкөл аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________________ С.С. Ибраева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ Ш.Ж. Сатубалдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады