Шектеу іс-шараларын алып тастау және Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 мамырдағы "Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылдық округінің Басқамыс ауылының "Шұбар Құлын" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 5621 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының міндетін атқарушы 2017 жылғы 24 шілдедегі № 2-01/208 ұсынымы негізінде, Басқамыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың құтырықпен ауыруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылдық округінің Басқамыс ауылының "Шұбар Құлын" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 мамырдағы "Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылдық округінің Басқамыс ауылының "Шұбар Құлын" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 12 маусымда № 5525 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 маусымда "Ауыл тынысы" және "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Басқамыс ауылдық округінің әкімі С. Нұрлықаимов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Ақтоғай ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Нұрғазин
      2017 жылғы "24" тамыз
      КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
ветеринарлық бақылау және
қадағалау комитетінің Ақтоғай
аудандық аумақтық инспекция"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Малюкова
      2017 жылғы "24" тамыз
      КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті
Павлодар облысы қоғамдық денсаулықты
қорғау департаментінің
Ақтоғай аудандық қоғамдық
денсаулықты қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
Қ. Смағұлов
      2017 жылғы "24" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады